Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет69/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   316
Әдеби KZ
 
 
тиген монғолдарға қарсылық істей алмай қалды. Бұл — орыс, Қыпшақ әскерінің 
жеңілуінің бір себебі. Екінші себебі орыс князьдарының өздерінің ала ауыздығы 
еді. Галич князі Мстислав Мстиславович Қыпшақтармен бірігіп қанды қақпаннан 
қалай құтыламыз деп монғолдармен қырылысып жатқанда, Киев князі Мстислав 
Романович 
өзен 
жағасындағы 
биіктікте 
«менсіз 
сендердің 
қалай 
соғысқандарыңды көрейін» дегендей, өзінің көп полкімен тұрып қалды. Ал 
жаулары Галич полктары мен Қыпшақтарды жекелеп жеңіп, енді Киев полктарына 
келіп тиіскенде, қаптаған монғолға Мстислав Романович төтеп бере алмады. 
Адырдың жан-жағынан қоршап алып, өзіне төнген монғолдармен үш күн 
айқасқаннан кейін, олардың «өмірлеріңді сақтап қаламыз» деген сөзіне сеніп екі 
баласымен жауына берілді. Әрине, монғолдар алдаған-ды, қолға түсісімен князьді 
балаларымен бірге ай балтамен шауып өлтірген. Қазтуған жыраудың: «әттең, 
әттең!» деп өкінуіне құр ғана Қыпшақтардың қашқаны емес, монғол 
қандыбалақтыларының алдауына аңқау батырлардың талайының көніп, сан 
ұрыста ұтқызған өкініші де бар еді. 
Монғол нояндарының соғыс жүргізу әдісі де, жауын алдап түсіру айласы да 
өздеріндей көшпелі ел Қыпшақтардікіне кейде ұқсағанмен, тегінде ерекше 
келетін. Монғол әскерінің оннан тоғызы бөтен ұлттардан, өздері жеңген елдердің 
жігіттерінен, сатылған бұзық, қарақшылардан құрылған. Бірақ бәрі бірдей темір 
тәртіпке бағынған. Темір тәртіп бұл жер сілкінткен қалың әскердің тек өзіне ғана 
тән ерекшелігі. Екінші ерекшелігі оның басқа елді шабу, бағындыру, айла-
әдістерінде. Монғолдар бір елді шабар болса, ең алдымен ертөлелерін жібереді. 
Олар өрт салмайды, дүние-мүлік тонамайды, тек шабатын елдің адамдарын 
өлтіреді, ең болмаса қорқытып қашырады. Сөйтіп, қанқұмарлықтарымен тыныш 
жатқан елдің күні бұрын зәре-құтын алады. Содан кейін барып қалың қолмен 
шабады. Бұ жолы ештеңені де аямайды. Қолға түскен қаланы өртеп, қиратып, 
дүние-мүлкін талайды, тек құлдыққа сатуға, не мал бағуға, өйтпеген күнде өнер-
өрнекке жарайтын шеберлері болмаса, қатын-балаға қарамай қырады. Кешегі 


73 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет