Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет68/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Бір мың екі жүз жиырма үшінші жылы мамыр айында Днепр өзенінің 
жағасындағы Олешья деген жерде орыс, Қыпшақ әскері жиналды. Бұған бар 
әскерімен Киев князі Мстислав Романович, Галич Мстислав Мстиславович, 
Чернигов князі Владимир Рюрикович, тағы басқа Чернигов князьдары мен 
Қыпшақ хандары тегіс келді. Бұдан басқа Смоленскіден, Курскіден, тағы бөтен 
орыс жерлерінен көптеген жауынгерлер қосылды. Мұндай нөпір әскер орыс 
жерінде бұрын бас қосып көрмеген-ді. 
Калка ұрысы деп аталып кеткен монғол, орыс, Қыпшақ қырғынын тарихшы 
Рашид-ад-Дин былай деп жазады: «Орыс пен Қыпшақтар дайындалып көп әскер
жинады. Жауының көп екенін көріп монғолдар кейін шегінді. Монғолдарды 
қорыққанынан шегінді деп ойлаған Қыпшақтар мен орыстар оларды жиырма күн 
соңынан қуды. Кенет монғолдар аттарының басын кейін бұрып алып, қуып келе 
жатқан әскерлердің қосылуына мүмкіндік бермей, біразын қырып салды. Бір апта 
бойы ұрысты, ақырында Қыпшақ пен орыстар шыдай алмай қашуға мәжбүр 
болды. Монғолдар соңдарынан қалмай өкшелеп, қалаларын қиратып, жұртын 
бостырып жіберді». 
Калка өзенінде орыс пен Қыпшақ әскерінің жеңілуінде анығында екі себеп 
болған-ды. Днепрден өтіп сегіз күндей жауын қуған орыс пен Қыпшақ 
полктарының арасы тым алыстап кеткен-ді. Осы жағдайдан отыз бірінші мамыр 
күні Калка өзенінде тобын жазбай қарсы атой берген монғол әскеріне бұлар бас 
қосып қарсы шығатын мүмкіндіктері болмаған. Әйтсе де Галич князі Мстислав 
Мстиславович өзімен ала көз Киев князі Мстислав Романовичты хабарландырмай, 
Қыпшақтармен бірігіп қан төгіс айқас ашты. Монғолдардың алдыңғы шебін жеңіп, 
бас күшіне шабуыл жасады. Ұрыс өте қатты болды. Қан судай ақты. Бірақ бұл 
ғаламат айқасты ең алдымен Қыпшақтар бүлдірді, олар ежелгі тәсілі — қашқан 
болып жауды ертіп, арттарында күтіп тұрған әскерінің қолына түсіретін әдеттеріне 
салмақ боп кейін шегіне бастады. Бір тобы шегініп еді, оған өзгесі асыға қосылды. 
Бұны көрген орыс полктері де кейін тым-тырақай босты. Ақырында, соңынан түре 


72 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет