Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет64/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   316
Әдеби KZ
 
 
ғаныңыз үшін, Арғынның ардақты ұлы, жырау Қотан ата, сізге жас болсам да өз 
есімімнен алғысымды білдіремін. 
Жұрт осы сөздерді айтқан жігітке қарай қалды. Бұл жігіт Жәнібек сұлтанның 
баласы Қасым еді. Ұзын бойлы, қошқар мұрын, ақ сұр жігіт өзіне қадала қалған 
самсаған жандардан қайыспай, көзі шоқтай жайнаған қалпында, отырған орнынан 
қозғалмады. Үстіне бадана көз кіреуке киген, хан алдында суырыла сөйлеген 
осынау жас батыр кенет жұртқа ұнай қалды. Ал ұнатпағандар Шыңғыс ұрпағына 
«өзіңнен үлкендер отырғанда, сенің сөйлеуің ерсі» деп айта алмады. 
Әбілқайыр оған бажайлай көз тастады. «Бұрын қалай назар аудармай
келгенмін, — деді ол ішінен, — Жәнібек сұлтанның мына баласы болайын деп-ақ 
тұр екен! — Ол ақырын езу тартып жымиды. — әрине, оның дегеніне өзге 
сұлтандар жеткізсе». 
Ойға шомып кеткен Асан Қайғы енді басын көтерді. 
— Бейбітшілік әрқашан халықтың көкейкесті мұраты, сен сол халық мұратын 
көксеп отырсың, Қотан жырау, — деді. Бас бәйге сенікі, — енді ол Қазтуғанға 
қарады, — елдің елдігін, ердің ерлігін мадақтау о да бір паш өнеге, бірақ ерлік ел 
шабуға бағышталса езгілікке айналады. Демек, Жейхұн өзеніндей тасыған жырың 
үшін орта бәйгені саған ұсынар едік, от ауызды, орақ тілді Қазтуған жырау, бірақ 
ақылгөй Қотан қарт Қыпшақтың өзге елге еткен қиянатын бетіңе басып, тұсаған 
жылқыдай өрісіңді кеңіттірмеді. Сол себептен әлі де айтылмаған жырың қалған 
іспеттес. Қыпшақ құр ғана басқа елдерді шауып қойған жоқ қой, өз елін 
қорғағандағы ерлігін естісек дер едім... 
Бас бәйгені алған Арғын жағы шат-шадыман боп тасыды. Аталы сөзге тоқ- 
тап үйренген жұрт Асан Қайғы шешіміне риза екенін білдірді. Асан шешімін 
Қазтуған да әділетті көрді. Жеңіліп қап пәрмене болдым демеді. Тек Ақжол бимен 
бақ күндес Қобыланды батыр ғана намыс оты күйдіріп тақат ете алмай, іштей 
алай-дүлей. 


68 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет