- Ертегілердің жанрлық ерекшелігі, халықтық сипаты;
- Қазақ ертегілердің жиналуы мен зерттелуі;
- Қазақ ертегілерінің жіктелуі;
- Қазақ ертегілерінің құрылымы;
- Қиял-ғажайып ертегілері;
- Тұрмыс-салт ертегілері
- Жан-жануарлар туралы ертегілер;
-
- Барлық елдердің фольклорынан мол орын
- алатын ауыз әдебиетінің үлгісі - ертегілер.
- Ертегілер ел арасында қара сөз үлгісінде, көркем
- әңгіме түрінде айтылып таралған. Демек,
- ертегілердің жанры – көркем проза.
- Ертегілер адам баласының тұрмыс-
- тіршілігіне, кәсібіне дүние танымына
- байланысты туған. Көркем прозаның бұл түрінде
- халықтың ой-арманы, мақсат-мұраты, әдет-ғұрпы көрініс
- тапқан.
- Ертегілердің жанрлық ерекшелігі,
- халықтық сипаты
Ертегі жанрының атқаратын қызметі зор. Ең - Ертегі жанрының атқаратын қызметі зор. Ең
- бастысы – оның тәрбиелік қызметі. Сонымен қатар
- тыңдаушының көркемдік-эстетикалық талғамын
- қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығы.
- Ертегілердің басты мақсаты - сюжетті
- барынша ғажап, көркем, тартымды түрде әсірелеп
- баяндау. Демек, ертегі шындық өмірді суреттеуден гөрі,
- оны әсірелеп баяндауды міндет санайды.
- Ертегілердің жанрлық ерекшелігі,
- халықтық сипаты
- Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналуы,
- хатқа түсіріліп, баспасөзде жариялануы ХІХ
- ғасырдың II жартысынан басталады;
- Бұл ретте Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин,
- Г.Н. Потанин, В.В. Радлов, И.Н. Березин,
- Ә. Диваевтың үлестері бірінші кезекте аталады.
- МәшҺүр Жүсіп Көпеев “Дала уәлаяты газетінде”
- қазақ ертегілерін жариялап отырған. Ахмет
- Байтұрсынұлының “Тіл-құрал” оқулығында мақал-
- Мәтелдер мен ертегілер көптеп кездеседі.
-
Сол сияқты Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезов, - Сол сияқты Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезов,
- С. Сейфуллиндер ауыз әдебиеті үлгілерін
- жинап, жариялауға маңыз берген. Бұл
- кезеңде ертегі таза таптық тұрғыдан бағалау
- бағыты үстемдік алғандықтан, көптеген
- ертегі нұсқалары назардан тыс қалды, тіпті
- жинаққа енген ертегілердің мазмұнына да
- түзетулер енгізілді.
- Қазақ ертегілерінің жиналып зерттелуі
Бұл үрдіс ХХ ғасырдың 60-шы - Бұл үрдіс ХХ ғасырдың 60-шы
- жылдарына дейін жалғасты. 60-шы жылдан
- бастап ертегі жанрын зерттеу ғылыми негізде
- жүргізіле бастады. Әсіресе, М. Әуезов,
- Е. Ысмайылов, В. Сидельников,
- М. Ғабдуллиндер жемісті еңбек етті. Аталған
- ғалымдар 3 томдық қазақ ертегілерін қазақ және
- орыс тіліндерінде басып шығарды. Қазақ ертегілері
- жаңа бағытта зерттеліп, олардың түрі және құрылымы
- туралы көлемді мақалалар жазылды.
- Қазақ ертегілерінің жиналып зерттелуі
Ертегілердің сөйлем құрылымы ауызша айтуға ыңғайлы болып - Ертегілердің сөйлем құрылымы ауызша айтуға ыңғайлы болып
- келеді. Қомпозициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама –
- эпикалық баяндау – аяқтау. Әдетте бастамада кейіпкердің ата-анасы,
- оның дүниеге келуі мәліметтер ұйқасқан проза түрінде беріледі.
- Эпикалық баяндау қаһараманның ер жетуін, үйленуін, бастан
- кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкер мақсат-мұратына
- жетеді. Бастама мен аяқтау үшін тұрақты тіркестер қолданылады. Мысалы
- бастама:
- Бар екен де, жоқ екен
- Аш екен де, тоқ екен
- Ерте, ерте, ерте екен
- Ешкі жүні келте екен
- Қырғауыл жүні қызыл екен, - деп басталса, соңы “... Сөйтіп, барша мақсат-
- мұратына жетіпті”, - деп аяқталады.
-
- Қазақ ертегілерінің құрылымы
Қазақ ертегілері негізінен 3 топқа - Қазақ ертегілері негізінен 3 топқа
- жіктеледі. Олар:
- Қиял-ғажайып ертегілері;
- Тұрмыс-салт ертегілері;
- Жан-жануарлар ертегісі.
- Бұлардың өзі іштей жіктеледі
- Қазақ ертегілерінің жіктелуі
Қиял-ғажайып ертегілері - қазақ ауыз әдебиетінің ең көне - Қиял-ғажайып ертегілері - қазақ ауыз әдебиетінің ең көне
- жанрларының бірі. Ғалымдар олар алғашқы қауымдық
- қоғамда қалыптасып дамыған. Сондықтан бұл ертегілерде
- адамзат дамуының алғашқы сатысындағы (матриархат, магия,
- анимизм, тотемизм сияқты діни наным-сенім)
- белгілері сақталған деп санайды.
- Қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым
- адамдар, аңшы-мергендер, бақташы-малшылар. Олар
- жыртқыш аңдармен, табиғаттың дүлей күшімен күреседі. Ал
- жағымсыз кейіпкерлер ретінде жалмауыз кемпір, жезтырнақ,
- албасты, шайтан, пері, дию, жалғыз көзді дәу, айдаһар, жеті
- басты жылан, қорқау қасқыр бейнеленеді. Бұл ертегілерде
- жақсылық пен жамандық, қастық пен достық, жауыздық пен
- әділдік күресіп, соңында адам баласы өзінің ақыл-парасаты,
- күш-қайратымен қиындықтарды жеңіп отырады.
Қиял-ғажайып ертегілерінің бір түрі – батырлық - Қиял-ғажайып ертегілерінің бір түрі – батырлық
- ертегісі. Батырлық ертегілерінің басты тақырыбы
- – ерлікпен үйлену, неше түрлі құбыжықтармен,
- адам жегіш жалмауыздармен күресу, рудың,
- елдің намысын қорғау. Қаһармандық үйлену
- болашақ батырдың өзіне қалыңдық іздеп, ұзақ
- жолға сапар шегумен байланысты болып келеді.
- Бұның арғы түп негізінде өз руластарының
- ішінен қыз алуға тыйым салатын экзогамия заңы жатыр.
Ертегілердің бұл түрінде өмірде болған - Ертегілердің бұл түрінде өмірде болған
- немесе болуға тиісті уақиғалар орын
- алған. Кейіпкерлері қарапайым
- адамдар. Басты тақырыптары отбасы,
- ел, еңбек, жақсылық пен жамандық
- және т.б.
Жануарлар туралы ертегінің түп-төркіні адамзат - Жануарлар туралы ертегінің түп-төркіні адамзат
- тарихының ең көне заманында, аңшылық өмір кезінде
- жатыр. Адамдар күн көру үшін жабайы аңдарды
- пайдаланып, оларды қолға үйрету, асырау жайын
- қарастырды. Олардың қасиеттері туралы мифтік ұғым-
- түсініктер пайда болды. Кейін келе қоғамдық сананың
- өзгеруімен ертегілерде жануарлар туралы реалистік
- түсініктер көрініс тапты. Жануарлардың ерекшеліктерін
- айқындайтын мінездемелер беріледі. Мысалы, маймыл
- жұртқа мазақ, күлкілі, түлкі айлакер, қасқыр аңқау.
- Жануарлар жайындағы қазақ ертегілерінің бір түрі –
- мысал ертегілер (аполог) деп аталады. Қазақтың мысал
- ертегілері шығыс фольклорымен тығыз байланысты.
- Ертегіде суреттелген жан-жануарлар бейнесі арқылы
- адамдардың жағымсыз мінез-құлықтары сын алынады.
Арыстан, қасқыр, түлкі (қазақ халық ертегісі) - Арыстан, қасқыр, түлкі үшеуі аң аулауға шығады. Бұлардың қолдарына бір есек, бір киік, бір қоян түседі. Орталарына жинап, арыстан қасқырға: “Сен бөліп бер бізге” – дейді. Қасқыр:
- Жарайды, бұл белгілі нәрсе ғой, есек арыстандікі, қоян түлкінікі, киік менікі”-, дегенде арыстан ашуланып, қасқырдың мойнын жұлып алып, лақтырып жіберіп, түлкіге: “Сен бөл, мына жолдасың бөлістен шатасты ғой”, - дейді. Түлкі: “Жарайды, бұл ашық жұмыс қой. Есек сіздің таңертеңгі тамағыңыз, киік кешкі тамағыңыз, қоянды таңғы және кешкі астың арасында ауқат қыларсыз”, - депті.
- Сонда арыстан түлкіге: “Ой сен не деген ғажап бөліске шебер едің, бұл білімді сен кімнен үйрендің”, - дейді. Түлкі: - Жә, ақсақал, бұл бөліс білімін маған үйреткен денесінен ұшып түскен қасқырдың басы емес пе?, - депті. (Қазақ халық әдебиеті: Ертегілер. Бірінші том. Алматы “Жазушы”, 1988. -121 б.)
Достарыңызбен бөлісу: |