Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет71/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Осылай алданғанның бірі Киев князі Мстислав Романович еді. 


75 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
* * * 
Монғолдар қарсы жақтың қаласын алу үшін ештеңеден де тартынбайтын. 
Өлтірген адамдарының майын шыжғырып алып жауы тығылған үйлерге құйып от 
салу (адам майы ұзақ жанады) не бекініс қабырғасы берік шаһарлардың үстінен 
грек отын — құм аралас мұнайдан істелген жанғыш затты лақтырып, адам көзі 
қимас ғажайып сұлу мешіт, шіркеу, патша сарайын өртеу, жан түршігерлік 
зұлымдық, айуандық қаныпезерлік, алдау дегендердің бәрі де қатар жүретін. 
Шапқыншылар әскерлерінің тағы бір қасиеті жылдамдығы еді. Құлынынан 
бастап ұшы-қиыры жоқ монғолдың құмайт даласында босып өскен жылқы мінген 
Шыңғыс атты әскерінің бір тәулікте елу фарсат алуы тіпті таң қаларлық іс емес. Бар 
ұрыс саймандарын, қазан-ошақ, жататын үйлерін тиеген арбалары мен 
бекіністерді алатын катапульті ауыр көшінің өзі де күніне отыз-қырық фарсат жер 
жүретін. Бұның бәрі монғол жылқысының төзімділігі мен жауынгерлерінің салт 
атқа жасынан дағдыланғанынан еді. Осы қасиеттерінің арқасында монғол әскері 
күтпеген жерден жауының дәл қасынан пайда болып, не күндіз ұрысқан қолының 
бір түнде басқа жағынан шығып, керек болса қаша жөнеліп, қара үзіп кете беретін. 
Монғолдың бұл әдісіне тек Қыпшақ жігіттері ғана төтеп бере алатын. Бірақ олар аз, 
екі жүз мың монғол әскеріне қырық мыңға жетер-жетпес Қыпшақтың салт атты 
сыпайлары не істей алады? 
әйтсе де сонысына қарамай, Қыпшақ, Керей, Найман тәрізді рулар мон- 
ғолдарға оңайшылықпен көнбеді. Жерін, елін қорғап ұзақ күресті. Калка өзеніндегі 
айыбын сан мәртебе ыстық қанымен жуды, асыл ұл-қызының үзіліп кеткен 
жүректерімен ақтады. 
Қазтуған жырау осы монғол шапқыншыларымен алысқан Қыпшақ әскерлерінің 
ерлігін толғағанда нағыз бір жүйрік атқа мінгендей, көңілі лепіріп, ұшып-қонып 
қансорпа боп бір орнында отыра алмады. Бір мезет Бошман жырына келгенде 
тіпті аруақтанып кетті. Бошман — Қыпшақ батыры еді. Иран тарихшысы Джувейни 


76 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет