Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет79/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Шыңғысханның тұсынан-ақ ұрпақтарының көбі қарамағындағы қалалар мен 
қоныстанған елдерді тек талау үшін керек деп қараған. Тек осы жағынан келіп, 
олар шауып алған қалаларды, қоныстанған елді тонаумен болған. 
Ал, қанды жорықтардың осынау тасқындары басыла бастағаннан кейін, 
Шыңғысхан ұрпақтары Қарақұрым хандығының әкімшілік ісін басқаратын
Үгедейдің оң қолы Елуй Чусайдың арқасында бұл істерінің дұрыс емес екенін 
ойлай бастаған. Елуй Чусай Үгедейге: «Ұлы хандық ат үстінен түспей жаулап 
алынды. Оны енді ат үстінде отырып басқаруға болмайды» деген. Ұлы қидам 
ақылшысының бұл сөзін көп ойлаған әсіресе Мөңке хан. Егер әскерлер бұлай аты-
жөні жоқ бар қалаларды шауып, қоныстасқан елді құрта берсе, көп кешікпей 
тонайтын жердің де, елдің де қалмайтынына көзі жеткен. Сол себептен 
Қарақұрымның ордасына ие болғаннан кейін, өзіне бағынышты қалалар мен 
қоныстасқан елдің қанын сорудың басқа жолын іздеген. Жолын тапқан да, 
Шыңғыс ұрпақтары шауып алынған қалалардың бәріне даруға (Орта Азияда) мен 
басқақтар (Иранда) белгіленген. Ең алыс тұрған Иран жеріне бас басқақ боп Аргун 
батыр жіберілген. 
Бұл даруға, басқақтар тікелей Қарақұрымға бағынған. Бұлардың міндеті 
қарамағындағы жұртқа санақ жүргізіп, сауда жолдарын, ақша мәселелерін 
тексеріп, жұрттан дер кезінде салық жинап, Қарақұрымға тікелей жіберіп 
отыру. 
Шыңғысхан заңы бойынша жаулап алынған көшпелі елдердің жері, суы хан 
ұрпақтарына ұлыс-ұлысқа бөлініп, басыбайлы берілген. Бұл елдердің тағдырын, 
көшіп-қонуын, шаңырақ, мал басынан жиналатын салығын осы хан ұрпақтары 
өздері шешетін. Ал отырықшы ел мен қалалар Ұлы Орданың астанасы Қара- 
құрымның өзі тікелей жіберген әкімдерге ғана бағынатын. Түскен пайда 
(егіншіліктен, өнеркәсіп, салықтан) Қарақұрымдағы Шыңғысханның қазынасы мен 
оның толып жатқан ұрпақтарына бөлінеді. Сөйтіп басқарып отырған жерінде қала, 
отырықшы жұрты бар хан, бұлардан түскен салықты өзі жеке пайдалана алмайды. 


84 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет