Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет80/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Бұл салықтардың бәрі Қарақұрым қазынасына бір бағамен түсу үшін Мөңке хан 
бүкіл Алтын Орда, Жағатай, Иран жерінде салмағы бір алтын ақша — динарлар 
шығартқан. Бұл динарлардың құнды болып, бүкіл Монғолия патшалығында 
бірдей бағалануын, Мөңке хан саудагерлер арқылы жүргізіп келген. Бұқар, 
Самарқант, Герат, Алмалық, Берке ханның кезіндегі Алтын Орда астанасы Сарай 
әрқайсысы өзінің алтын ақшасын құйған. Бірақ бәрінің де салмағы бірдей болып 
отырған. 
Мөңке өліп, Шыңғыстың Ұлы Ордасын Қытайға көшіргеннен кейін, бұл 
Орданың күйреуімен бірге ақша саясаты да бүлінген. Алтын Орда хандары алтын 
ақшаны өз аттарынан құя бастаған. Бірақ Ақсақ Темір Сарайды шауып, Қыпшақ 
даласында бүліншілік бастағаннан кейін бұл жағдай мүлдем тоқталған. Негізгі 
шаруашылығы мал бағу болған қазақтың көп руы енді қала салудан біржолата бас 
тартып, өзінің кең байтақ даласында ру-ру боп көшкен. Бұлардың бар байлығы 
малы мен жері ғана. Ал осы уақыттағы Дәшті Қыпшақтың ханы Әбілқайыр бөтен 
саясатты ұстады. Ол Сейхұн мен Жейхұн дариялар бойындағы Шыңғыс шауып 
кеткен 
шаһарларды 
қайта 
тұрғызып, 
бұл 
араларға 
қо- 
ныстануға бейім елдерді орналастыра бастады. Әбілқайырдың бұл саясаты осы 
кездегі қазақтың мал бағатын руларының бастылары Арғын, Қыпшақ, Үйсін, 
Найман, Алшын, Керей, Қаңлы, Қоңыратқа ыңғайлы тимеген. Бұлардың 
араларындағы Маңғыт, Бүркіт, Барлас руларының көп елі Әбілқайырға қыз беріп, 
қыз алып хан жағына ауып кеткен. Осының арқасында Әбілқайырдың өзінде де 
қазақ руларына деген қырғи-қабақтық пайда болған. Ал, қазақтың Найман, 
Қоңырат, Дулат, Жалайыр секілді руларының кей ауылдары өздеріне жақсы 
қарайтын Моғолстан жеріне көшіп те үлгірген. Бұны да істеп жүрген сол баяғы 
Жәнібек пен Керей деп ойлайды хан. Ал қазақтың көп рулары оларды Ақ Орданы 
құрған Орыс ханның ұрпақтары деп, өз сұлтандары санайды. Мұндай жағдайда 
Жәнібек пен Керейге тура бас салуға бола ма? әрине, болмайды. 


85 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет