Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет83/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   316
Әдеби KZ
 
 
қобалжи бір қарады да, Асан Қайғыға көз қиығын аудармастан нөкерлерін 
соңынан ерте, Рабиу-Сұлтан-Бегім ордасына қарай асыға жүре берді. 
Хан кетісімен жұрт та тым-тырақай тарай бастады. 
Кейбіреуі өредегі атына жүгірді, бағзы біреуі Ордаға қарай беттеді. 
Тек екі жағынан екі адам қолтықтай тұрғызған Асан Қайғының ғана түнере 
қалған аспан мен шартылдай ойнаған найзағайларда шаруасы болған жоқ, жаңа 
ғана наркескендеріне қол жүгірткен Арғын, Қыпшақ қос батырының қимылдары 
есіне түсті ме, ол: 
— Бүгінгі ас — қайғы асы еді, енді бүліншілік асына айналмаса нетсін, — деді 
ақырын күрсініп. 
Көпті көрген сыншы адасқан жоқ еді, расында да бұл ас қазақ жеріндегі тағы 
бір бүліншіліктің басы болды. 
Тек аяғы игілікпен бітсін де... 


90 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
ІІІ
 
Сарыарқа деп аталатын Дәшті Қыпшақ жерінің дәл ортасында, Ұлытаудың 
күнгей жағында, Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағасында Әбілқайыр ханның 
ордасы — Орда-Базар қаласы тұр. Жан-жағы құлазыған жазық, Ұлытау, Кішітау, 
Арғынаты тауларынан бөтен оңтүстігінде де, солтүстігінде де, күнбатыстағы сонау 
Мұғажар биіктіктеріне дейін, ал күншығысындағы Шет, Құдайменді, Ақшатауға 
дейін құлан менен киік жортқан ұшы-қиыры жоқ алып дала. Оңтүстігіндегі ең 
жақын қала Түркістан (Яссы) солтүстігінде ең таяуы Чинга — Тұра шаһарлары, бірі 
Орда-Базардан жүргіш атқа он күндік, екіншісі он бес күндік жер... 
Орда-Базар бір кездерде Бату ханның құмырсқадай бықыған әскерінің Шығыс 
Европаға аттанарда бас қосатын жері болған. Жүз мың жылқы жайылса да шөбі 
жапырылмайтын, жусанды, қаулы, жасыл шалғынды егіз өзен Қаракеңгір мен 
Сарыкеңгірдің ұшы-қиыры жоқ жазық даласы. Сол жазықтың ортасында Бату 
қорғаны. 
Орда-Базар шағын қала. Әбілқайырдың негізгі басқаратыны көшпелі қазақ
өзбек елдері болғандықтан, ел салтын бұза алмай, хан Ордасы — бес ауылы жаз 
бойы Дәшті Қыпшақ жерінде көшіп жүретін. Тек күз келе Орда-Базарға қыстау 
ретінде тоқтайды. Әбілқайыр көші ерте кезде күнбатыстағы Жем, Ойыл 
өзендеріне дейін, солтүстігіндегі Тобыл, Есіл, Нұраға дейін барған. Кейде жазы 
қоңыржай болса Сыр бойы мен Көкше теңіздің жағасын да жайлайтын. Хан 
аулының жайлауға шығуы тек жаздың жақсы-жамандығынан, шөптің шығым-
шығымсыздығымен ғана байланысты емес-ті. Жаз шыға Орда қай жаққа қарай бет 
бұруы толып жатқан хан саясатымен шиеленісіп жатар болар. Өзіндей 
мықтыменен құда болып қанатын жая түсу, ырқына көнбей жүрген кей руларына 
жақындай қонып, бір түнде быт-шытын шығарып шабу — бәрін де іші қатпалы 
ханның жаз шыға Ордасы көшпестен бұрын ойланар ісі. 
Осы себептен де болар, Әбілқайырға көп жағдайда бағынышты Самарқант, 
Бұқар, Герат секілді Орда-Базардың үлкен шаһарға айналмай, шағын қала 


91 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет