Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет6/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   316
Әдеби KZ
 
 
емес, он күн желіске шыдай алар аласа бойлы, тоқпақ жалды, құшақ құйрықты, 
кілең сайгүлік шабысты жылқы. Үстерінде сауытты, жалпақ бет, сығыр көз ноян, 
баһадурлар. Аттарына да тізелеріне дейін сауыт жабылған. Екі жағында жебеге 
толған екі-үш қорамса, белдерінде қисық жүзді қылыш пен ұзын сапты айбалта, 
қамал бұзатын тас атқыштарды сүйреу үшін ер қасына байлап алған жуандығы 
білектей қыл арқан. Әрқайсысында кем дегенде екі садақтан. Кейбір көрікті 
киінгендердің тақымдарында бір жақ ұшы пышақтай өткір найза. Жеберлерінің 
ұшы екі жүзді қанжардай өткір, сүйір. Ысылдап келіп қадалса, егер тәнің тастан 
жаралмаса, ар жағынан бір-ақ өтері хақ. Белге байланған қорамсалар, қазақ 
батырларыныкіндей емес, талдан иіп тоқылған. Жауынгерлерінің басына киген 
темір, қола дулығалары анадайдан күнге шағылысып жарқ-жұрқ етеді. 
Лек-лек боп, борт-борт желген қалың қосынның будақтатқан шаңы алыстан 
жер бетінен көтерілген бұлт тәрізді. 
Батысты алуға бұл жолы аттанған әскер үш жүз мың! Үш лек қол! Айбарлы да, 
сұсты да! Кім, оған шыдай алар! Иә, шыдай алған жоқ. 
Сол бір жыл күн тұтылған бір мың екі жүз отыз алтыншы жылы еді ғой. Батухан 
бастаған қалың қол жаздың аяқ кезінде Еділ бойындағы бұлғарлардың астанасын 
алды. Үш жылдың ішінде Бату әскері Рязань, Владимир, Суздаль, Киевті шауып 
Батысқа жол ашылды. Қан судай ақты. Жанған қала, жылаған бала. 
«Шыңғысхан!», «Батухан!», «Сүбітай баһадур!» аттары әлемді түршіктірді. Бату 
әскерінің алдында Европа мемлекеттерінің бай өлкелері қалды. Монғолдың 
ақтангер тапал жылқысының тұяғы енді Польша, чехтар мен мадиярлардың жерін 
басты. Алдарынан Адриат теңізінің жағасын жайлаған тағы славян елдері көрінді. 
Батухан ол араларға да жетер ме еді, қайтер еді, дәл осы кезде яғни бір мың 
екі жүз қырық бірінші, Доңыз жылы ұлы хан Үгедей өлді деген хабар келді. Бату 
кейін қайтты. Бөтен елдерді алу қуанышынан Қарақұрымдағы Шыңғыс тағына 
кімнің отыру қаупі күшті болды. 



Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет