Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет8/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   316
Әдеби KZ
 
 
«Иә, иә, Күйік өлгеннен төрт жылдан кейін, Батуханның өзі де дүние салды. 
Бірақ Ұлы Орда ханы етіп Төленің үлкен ұлы, өзінің үзеңгілес серігі Мөңкені 
отырғызып кетті. Ал Бату өлгеннің ертеңіне-ақ Алтын Орда тағына талас басталған 
жоқ па еді... Бұл талас та қандай қанды оқиғаларға апарып соқпады! Ақыры 
қайыңды құртқан түнгі ағаш жегі көбелектей Батудың бар ұрпағын жойып тынды». 
Шыңғысхан заңы бойынша хан өлсе оның орнын үлкен ұлы басуы керек. 
Батудың төрт ұлы болған-ды. Сартақ, Тұхухан, Аюхан, Ұлақшы. Алтын Ордаға 
Сартақ ие болуға тиісті еді. Насрани 
1
дініне кіргені болмаса, өткір, от жүректі жас 
екен. Және оны Мөңке хан да ұнатқан көрінеді. Бірақ Алтын Орданы оған 
Жошының үшінші баласы Берке қиғысы келмейді. Берке Батудың тірі күнінде 
көзге түскен хан ұрпағы. Мұсылман дініне кіріп, Бағдаттағы Аббасид халифатының 
осы кездегі халифы Мµстасимнан шапан киіп, тартуға құран алған адам. 
Мөңкеден Алтын Орда тағына отыруға рұқсат алуға Сартақ Қарақұрымға жүріп 
кеткенде, осы Берке мойнына бұршақ салып «Уә, алла, бар болсаң Сартақты 
Қарақұрымға жеткізбей ал!» деп көзінен жасы сорғалап, нәр татпай, екі күн бойы 
құдайдан тілейді. Сартақ сұлтан жол үстінде іш ауруға ұшырап, қаза табады. 
Сартаққа келген құдай жіберген ажал ма, әлде Беркенің тапсыруымен сұлтанды 
күзетіп бара жатқан кісілердің біреуінің берген уы ма, бұны да осы күнге дейін 
білген жан жоқ... 
Әбілқайыр миығынан күлді. Жайшылықта шыбын өлімі құрлы көрмейтін әлгі 
бір қара қазаққа айтылмақ өлім үкімі миынан шықпай қойғанына күлді. «Жошы 
ұрпағына адам тағдыры қашан хан шеше алмас жұмбақ болған? Жоқ, бір ғана 
Жошы ұрпағы емес, бір әке, бір шешеден туған сұлтандар да бірін-бірі бауыздап 
жатпайтын ба еді?» 
Иә, Берке хан болды... Ал бір мың екі жүз алпыс алтыншы жылы Берке дүние 
салысыменен Алтын Орда тағы қайтадан Батуханның ұрпағына қайтқан. Бірақ Бату 
ұрпағы Алтын Ордаға жеті атасынан асып хан бола алмады. Бір мың екі жүз тоқсан 
1
Н а с р а н и д і н і — несториан діні. 


10 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет