Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол



Pdf көрінісі
бет152/157
Дата30.11.2023
өлшемі2,76 Mb.
#194351
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157
Байланысты:
Республикалы басылым білім жолы н рлы жол

----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-
тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. 
Бағалау жүйесі де өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде
оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың
пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау
түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур,
Жапония, Франция,Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы,
баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау
күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде
өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері
байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін
(тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және
баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша
қолданылады. 
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің
бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі
болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы,
еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. 
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл
бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды
дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз
мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс
істей алады. 
Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп, «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағын келсе, сол өзгерісті
уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды
болашаққа жетеклеп, жақсы істі бастағалы отырмыз.
* * * * * * * * * * * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет