Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол


«ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ»



Pdf көрінісі
бет154/157
Дата30.11.2023
өлшемі2,76 Mb.
#194351
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157
Байланысты:
Республикалы басылым білім жолы н рлы жол

«ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ»
Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ұлжан-1 № 152 мектеп - гимназия 
Бастауыш сынып мұғалімі Суатбаева Венера Тынышбаевна
Тәуелсіздік – кез келген адамның, ұлттың, халықтың, елдің еркіндігі. Өзінің алдында дербестігі. Тәуелсіздік
– сіздің тыныстап отырған, еркін әрі бақытты күн кешіп жатқан Отаныңыз. Әлемде екі жүзге тарта тәуелсіз
мемлекет бар. Олардың өзі тілі, діні, ділі, салты мен дәстүрі, ғұрпы, мәдениеті дамыған. Оған қоса ішкі және
сыртқы экономикасы да қалыптасқан.
Қазақстан – өз әнұраны, елтаңбасы, көк байрағы мен ұстанымы бар зайырлы мемлекет. ТМД елдері
арасында тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялаған күннен бастап бұл елдің өз халқы, өзіне тән ұлты
мен тілі бар. Тәуелсіздік не үшін киелі ұғым? 
Тарихтың тереңіне үңіліп, әрбір тас бетінде қалған таңбаларға қарап бабаларымыз жасап келе жатқан
дәуірлердің есебінде кеткен шайқастар, аштық, жау тылында қалған жұрттың әрбір қаны мен көз жасына қарап
тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін сезінесіз. Біз бейбіт елдің ұрпағызмыз, біз еркін елдің ұландарымыз.
Бірақ бізге дейінгі осынау ұлан-байтақ жерді, елді аманаттап келе жатқан батырлар мен ұлы тұлғалардың
төккен тері өз алдында бір төбе.
«Кие» деген сөздің өзі үлкен мәнге ие. Оның астарында тоғысып кететін бүкіл бір тағдырдың тауқыметі
мен қасиеті жатыр. Сондықтан да еркіндікті аңсап өткен хандарымыз үшін, біз үшін тәуелсіздікке баға
жетпейді.
Елдің еркіндігін аңсау бар, оған жету бар және оны ұстап қалу деген жауапкершілік бар. Үш түрлі кезеңнің
үш түрлі тарихы бар. Біз дәл осы кезеңнің үшіншісіндеміз. Яғни, келешекке бастаушы, келешекті жасаушы
ұрпақпыз. Ендеше қолда бар алтынның қадірін білу оны келесі бір дәуірге аманаттау және жеткізу –
мойнымыздағы парыз.
Біздің Отанымыз – әлемнің дуалы ауыз саясаткерлері, өркениет төріндегі мемлекеттердің басшылары, көр-
некті қоғам қайраткерлері жиі-жиі бас қосатын сыйлы да беделді шаңыраққа айналды. Мұның бәрі, ең алдымен,
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ұстанып отырған сындарлы саясаттың нақты жемісі. Елбасымыз әлемді
таңғалдырған ел жетістіктерінің астарын «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіз дігі
үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ
басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының
арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды» деп ашып
берді.
144


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн –
біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің сан ғасырлық мақсаты
орындалды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Елдіктің,
мемлекеттіліктің барлық нышандары, белгілері орнықты. Кейбір сарапшылар «тәуелсіздік бізге Алланың
берген сыйы», «егемендік оңай уысқа түсті» дегенді айтып жатады. Иә, біз өткен ғасыр соңында Кеңес Одағы
аумағында орын алған дағдарыс жағдайында тәуелсіздікке ие болдық. Алайда, оған жету үшін ғасырлар бойы
қаншама күрестер жүрді. Сансыз қан төгілді. Елім деп еңіреген әрбір қазақ елдіктің жайын, ел болудың қамын
ешқашан ұмытпады. Сондықтан, Тәуелсіздік халқымыз үшін тосыннан пайда бола қалған үлес те, сый да емес.
Тәуелсіздік ғасырлар бойы толастамаған айқастың, елім деп еңіреген ерлердің қаны арқылы келген жеңіс.
Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен келген тарихтан – өз жерін жау табанына бастырмау,
ұлын құл, қызын күң етуге жол бермеу, батырлық ержүректік, жауына қаталдық, досына адалдық, ұлтымыздың
жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Дегенмен, әлемнің тоғызыншы территориясын сақтап қалып
отырған қазақтың бойындағы қандай күш? Әр кезеңде орын алған қиын-қыстаудан жол тауып шығуға қанат
бітірген қандай құдірет деген сұрақтар туындайды. Ең алдымен, осының бәрі ұлттың асқақ рухының арқасы!
Рухы биік халық қиынға қайыспады, ауырға мойымады. Қазақ халқы үшін ежелден «Азаттық», «Бостандық»
ұғымдарының маңызы тіптен бөлек. Талай соғыс, зұлмат, нәубет кезеңдер болды. Жүз жылға созылған Жоңғар
шапқыншылығы кезінде Жәңгір, Тәуке, Абылай хандардың басшылығымен ат үстінде ұйықтауға мәжбүр
болған қазақ батырлары соңғы демі қалғанша жаумен жұлқысты. Халқымыз «ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама» заманында да мойымады, болашаққа деген үмітін жоғалтпады. Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді.
Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымының тері кеппеді.
Бертін келе атасы Абылайдан қалған Ақ туды қолына алған қазақтың соңғы ханы Кенесары халқын бодандық
қамытынан құтқару үшін атқа қонды. Бостан күндер бастан ауып, бодан күндер басқа түскен кер заманда да
еркіндік пен елдіктен ешуақытта үмітін үзбеді. Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді.
Ондаған жылдар бойы жау қолынан қаза тапқанша рухы асқақ есіл ер арыстандай арпалысты. «Ер қонысынан
айырылса, ел ырысынан айрылады» дейді дана халқымыз. 
Өткен ғасыр басында Ресейдің бодауына түсіп, санасы сарсылған, ерік-жігері жаншылған қазақ халқын
дербес ел етуге ұмтылған Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш арыстары басын бәйгеге тікті. Қазақтың басын
біріктіріп ерікті ел болуын көксеп, бойларындағы бар қасиетін, ақыл-ойын, өнер-білімін, жігер-қайратын, бүкіл
саналы өмірін қазақ халқы мен алашқа арнаған халқымыздың нар тұлғалары ақтық демі қалғанша тәуелсіздік
үшін күресті, өздерінің жандарын ұлы күресте құрбан қылып, бүгінгі егемен елдің негізін қалауға өз үлестерін
қосты. Олар келер ұрпаққа қиыннан қиып жол салып, еркіндіктің отын өшпестей тұтатып кетті. Елбасы
Н.Назарбаевтың «Алаштың» басты мақсаты – қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл
біздің жедел жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді… Алаш арыстары бізге мемлекеттік
идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті… Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қа-
рапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты бізді
ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады» деген сөзі Алаш арыстары атқарып кеткен еңбектің мән-мазмұнын
айқын көрсетіп отыр. Халқын, өз ұлтын жан-тәнімен сүйген, елді еркіндікке жеткізем деп арпалысқан Алаш
көсемдерінің саналы ғұмыры бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. 
* * * * * * * * * * * * * *
145


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет