болады. Олай болса, тыныс
белгілерін қалай қолдануды
үйрету оқушының қарым-қатынастық танымын арттырады.
Мысал келтірейік:
1.
Үйдегі маған тетелес екі апай бар, мен, әкем, шешем
бар - бесеуміз апаннан шығарылған балшықты екі зембілмен
кезек тасып, терең шұңқырға құлата бердік
(С. М. ) деген
сөйлемге тыныс белгісін әр түрлі қою арқылы тағы мынадай
екі түрлі мағына беріледі: а)
Үйдегі маған тетелес, екі апай
бар, мен, әкем, шешем бар, бесеуміз апаннан шығарылған
балшықты екі зембілмен кезек тасып, терең шұңқырға
құлата бердік
дегенде,
үйдегі маған тетелес
деген тіркес
«
екі апай
»
дегеннің анықтауышы болмай, өз алдына
сөйлемнің бірыңғай мүшесі болып тұр; ә)
Үйдегі, маған
тетелес, екі апай бар, мен, әкем шешем бар, бесеуміз
апаннан шығарылған балшықты екі зембілмен кезек тасып,
терең шұңқырға құлата бердік
десе, «
үйдегі
», «
маған
тетелес
», «
екі апай
» - үшеуі бірыңғай сөйлем мүшелері
болмақ.
2.
Түйе бағатын Сабалақ ер жетіп, сымбатты сұлу жігіт
болады
деген сөйлемге тыныс белгілерін әр түрлі қоюға
байланысты осы бір сөйлемнен мынадай жаңа мағыналар
ұғынылады: а)
Түйе бағатын, Сабалақ ер жетіп, сымбатты
сұлу жігіт болады.
Мұнда «
түйе бағатын
» - өз алдына бір
сөйлем. ә)
Түйе бағатын, Сабалақ, ер жетіп, сымбатты сұлу
жігіт болады
десек, осы сөйлемдегі «
Сабалақты
» сөйлемдегі
қаратпа сөз деп ұғуға болады...
3. О
сы Шыңғыс туарда Уәлінің үйіне Айғанымның ағасы,
Пірәлі келіп жатты.
Осы сөйлемдегі «
ағасы
» мен «
Пірәлі
»
сөзінің арасына сызықша да қойып жазуға болады. Бірақ
онда басқаша мағынада, яғни бірыңғай мүше анықтауыштың
түрі ретінде айтылады.
4.
Мен білсем, Абай ағам Базаралының Тәкежан мен
Әзімбайға айтатын дауын жазып отыр!
– дегендегі «
Абай
»
деген сөзден соң үтір қойылса, «
Абай
»
қаратпа сөз болып,
«
аға
» деген сөзді бір ретте сөйлемнің бастауышы деп ұғуға
немесе сөйлемнің анықтауышы деуге болады.
5.
Достарыңызбен бөлісу: