ІХ сыныпқа тиісті жалғаулық демеуліктер морфологияға қатысты
болғанмен, сөйлемнің синтаксистік құрылысына сай түсіндірілуін қажет
етеді.
Мысалы, жалғаулықтарды өткенде оның қызметі – бірыңғай сөйлем
мүшелерін және сөйлем мен сөйлемді байланыстыру екені түсіндіріледі.
Мұның өзі – оқушылар бірыңғай сөйлем мүшесі немесе сөйлемнің
байланысы дегенді дұрыс түсінбей тұрып,
жалғаулықтың қызметін
түсінбейді деген сөз. Оның үстіне жалғаулықтардың қолданылу аясы (әсіресе,
ыңғайластық, талғаулықты жалғаулықтардың) бірыңғай сөйлем мүшелерінің
және сөйлем мен сөйлемнің арасына қойылатын үтір белгісімен тікелей
байланысты.
Асан мен Үсен келді – Асан, Үсен келді – Асан да, Үсен де келді
.
Бұл мысалдардағы жалғаулыққа, демеулікке қатысты тыныс белгілерін дұрыс
түсіндіру үшін жазбаша жаттығуы керек. Сондықтан келтірілген мысал
үлгісімен оқушылардың өзі жаттығуы үшін оқушыларға мынадай сызба
ұсынған жөн. О – бірыңғай сөйлем мүшесі: п - сөйлем деген шартты белгі
бойынша О және О; О мен О; О да О; О немесе О; П және П; П біресе П; Я П,
Я П; не П, не П; әлде П, әлде П.
Бұл сызбаға қарап жалғаулықтың қолданылу орны,
оларды жеке
қолданғанда (немесе бір рет) үтірдің қойылмау себебі, ал қайталанып
келгенде үтір қойылатыны түсіндіріліп, оқушылар әрі қарай өздігінен
жұмыс істей бастайды. Ол үшін сызбаға қарап сөйлем құрау, сөйлемге қарап,
оның сызбасын құрастыру тапсырмалары беріледі.
Қысқасы, негізгі мақсат - оқушыны сауатты жазуға баулу. Сондықтан
VІІ сынып оқушыларының сауатты жазуын қадағалау үшін, тыныс
белгілерінен кездесетін қателерді шамамен мынадай топқа бөліп, жұмыс
істеген жөн:1) қажетті
тыныс белгісініің қойылмауы; 2) тыныс белгісінің
тиісті емес жерге артық қойылуы; 3)бір тыныс белгісінің орнына басқа тыныс
белгісін қою; 4) тыныс белгілерінің тиісті жерге қойылмай, өзге жерге
қойылуы.
Тыныс белгілерінен кеткен қателерді бұлайша саралаудың
оқушылармен жұмыс істеуде үлкен пайдасы бар. Мысалы,
қажетті тыныс
белгісінің қойылмауы жиі кездеседі. Ол – оқушының сөйлем құрылысын т.б.
пунктуация ережелерін білмеуден болады. Ал тыныс белгісінің артық
қойылуы сөйлемнің айтылу сазын, екпінін, кідірістің жасалуын түсінбеуден
туады. Ал үшінші қате – бір тыныс белгісінің орнына басқа тыныс белгісін
қою – оқушының сөйлем құрылысын түсініп, тыныс белгісінің қажеттігін
түсінгенмен, әр түрлі тыныс белгісінің сөйлемдегі қызметін ажырата алмау
себебінен пайда болады. Әрине, бұл жерде бір тыныс белгісінің орнына
екіншісін әдейі ауыстырып қою мақсаты да болатынын ұмытпаған жөн.
Қорыта келгенде, оқушыларды тыныс белгісін дұрыс қоя білуге баулу
тек сауатты жазуға ғана емес, тіл ұстарту сабағында мақсат етілетін ойды
дұрыс жеткізу, қажетті стильде баяндау, мәтінді мәнерлеп оқуға көмегі тиеді.
Сонымен, оқушыларға
қазақ пунктуациясынан терең
білім, берік дағды беру үшін мұғалім оқу үдерісінде
жоғарыда аталынған төрт ұстанымды,
грамматикалық,
53
мағыналық, интонациялық және тыныс белгілерін мағынасы
мен қызметіне сай оқу ұстанымдарын басшылыққа алғаны
жөн. Сол сияқты оқушылар да осы ұстанымдарды саналы
түсініп, оларды басшылыққа алатын болса, қазақ
пунктуациясынан білімі терең, дағдысы берік болады.
Кейбір зерттеушілер [38,34]
пунктуацияны оқыту
ұстанымдарының қатарына жазу үдерісінде тыныс белгісін
қойып отыру, тыныс белгілеріне саналы түсініп, оларды
шығармашылық жұмыстарда қолдана білу ұстанымдарын
атайды. Біз бұл пікірді қолдай алмаймыз, өйткені тыныс
белгілер грамматикалық, мағыналық, интонациялық
ұстанымдарға сүйенгенде де саналықпен атқарылады.
Тыныс белгілеріне саналы түсініп, оларды белгілі бір
жүйемен шығармашылық жұмыстарда қолдана білу де жеке
пунктуациялық ұстаным бола алмайды. Өйткені тыныс
белгілері қойылмай жазылған кез келген мәтіннің тыныс
белгілерін дұрыс қоя алатын
оқушылар өз шығармашылық
жұмыстарында да тыныс белгісін дұрыс қоя алады. Шынына
келсек, оқушыларға қазақ пунктуациясынан дағды беруге
арналған
дағдыландыру
жұмыстары
оқушының
шығармашылық жұмысынан әлдеқайда күрделі болмақ. Ол
грамматикалық теорияларға, анықтама мен ережелерді
игергенде ғана нәтижелі болады.
Достарыңызбен бөлісу: