дыбысты
«а»
немесе
«е»
арқылы жазу қажет (оның септелу
мағынасы сәйкес). Бірақ сауатты адам оны жазу барысында
сәйкесінше ережелерді есіне түсірмейді. Септіктің
грамматикалық категориялары туралы ойламайды да, бірақ
ол оны жазуда сөздерді байланыстыруда орындай береді.
Мұндай қатынастар септік қызметімен түсіндіріледі.
Енді біз дағдының қалыптасуы үшін қажет жалпы
жағдайларға тоқталып өтейік. Бұл шарттардың негізгілері
қайталау және тәсілдерді игеру немесе әрекеттердің
орындау әдістері мәселелерімен байланысты.
Кез-келген дағдының қалыптасуы үшін
сол белгілі бір
әрекетті қайталау санына байланысты екені жалпыға белгілі.
Мұндағы мәселе олар қандай рөл ойнайтындығында. Мәселен,
Э.Торндайк «Жаттығу мен дұрыс түсінік және
ұйымдастырылған машықтану – бұл қандай да бір алғашында
келтірілген әрекет пен қозғалысты қайталау емес, ол қандай да
бір мәселені қайталап шешу. Бұл үдеріс барысында бастапқы
іс-әрекет жетілдіріледі және сапалық түрі өзгереді», -деп
көрсетеді [43,36].
Бұл пікірден орфографиялық мәселелерді қайталау
арқылы шешу – оқушының ойлау қабілетінің жетілуіне және
бірте-бітре қоюлануына мүмкіндік береді. Сондықтан
психологиялық жағынан алғанда, жаттығу үдерісіндегі
қайталау нақты аударғандағы қайталау бола алмайды.
Бастапқы
іс-әрекет нәтижесін білу, қайталауды бұрынғы іс-
әрекетпен салыстыру, олардың дұрыстығын бағалау, мәселені
нақтылау – міне, осылардың барлығы нәтижені жетілдіру үшін
маңызға ие болады.
Дағдының қалыптасуы барысында қайталау негізгі ретінде
бағаланады, өйткені, қайталау барысында тілдің дыбыстық
және графикалық түрлері арасындағы орфографиялық
байланыстардың механикалық емес саналы түрде
қалыптасатындығында. Ал бұл байланыстар жеке емес
жалпылама сипатқа ие болмақ.
Ережені қолданудағы жаттығулар адам санасында тек сөз
жазылу үлгісін
сақтаумен ғана емес, жалпылама сипаттағы
орфографиялық дағдыны қалыптастыруда аса қажет болатын
есте сақтау әдістері мен ойлау амалдарын жетілдіреді. Осы
жағдайда ескеретін оқу, үйрету оқушының білмей қалуына жол
бермейтін, өзінің механикалық сипатын жоғалтады және
орфографияны үйрену оқушының белсенді, саналы
жұмыстарына негізделген
ойлаудың даму деңгейін
жоғарылатады. Сонымен дағдының қалыптасуының аса
маңызды шарттары мыналар: 1) ережені білу; 2) ережелерді
59
қолдану тәсілдерін және оларды шеберлікпен қолдана алу; 3)
осы шеберлікті қалыптастыратын жаттығулар орындау.
Пунктуациялық ережелерді қолдану әдістерін үйрету.
Дағдының қалыптасуында көптеген психологиялық зерттеулер
көрсеткендей, іс-әрекеттің орындалуы үшін оның тәсілдері мен
әдістерін меңгеру үлкен мағынаға ие болады. Бұл жағдай бір
деңгейде қозғалыс дағдысы және ойлау қабілеті үшін де
қажетті.
Ойлау әдістері, әр түрлі
мағынадағы мәселелерді шешу
үшін қажетті талдау, топтау, дерексіздендіру, жалпылау,
нақтылау амалдарын жүйелеуден және жалпылаудың әр түрлі
кезеңінен тұрмақ, ал оларды қолдану осы білім саласында
нақты бір
ғана мәселені шешуге арналған, өте «тар»
деңгейдегі әдіс-тәсілдерден бастап, ғылыми ойлау жалпы
әдістерімен аяқталады.
Орфографиялық дағдыны игеруде қиындықтар тек
ережелерді немесе грамматикалық түсініктерді білмеуден ғана
емес, оларды іс жүзінде жазуда қолдана алмаудан туындайды.
Бұл көбінесе, өз білімін іс жүзінде
орындай алмайтындардан
шығады. Педагог-әдіскерлер үшін жиі кездесетін жағдай болып
кейбір оқушылар орфографиялық ережелерді жақсы біле
тұрып, осы ережелер бойынша қате жібереді. Ережені іс
жүзінде пайдалану – бұл берілген нақты жағдайда ортақ
ережені қолдану қажет,
қажет еместігі туралы ойлану,
орфограмманы тану және оны пунктуациялық талдау. Мұның
барлығы мидың күрделі талдау-топтау жұмыстарын талап
етеді.
Пунктуацияны меңгеруде ойлау жұмысының қандай әдіс-
тәсілдері туралы айтуға болады? Ең алдымен, бұл
орфограммалардың грамматикалық таным жолын көрсететін,
осындай грамматикалық категорияларға тән белгілерді білуді
керек ететін әдіс-тәсілдер болып табылады. Бұл белгілер,
оқушыларға оқулық бойынша оқытылатын түсініктерді
анықтаудан тұрады. Мысалы: оқулықтарда «жұрнақ» түсінігі
бойынша мынадай анықтама берілген. «Сөз түбірінен кейін
жалғанатын және жаңа сөз түрін жасауға көмектесетін сөздің
негізгі бөлігі жұрнақ деп аталады».
Бұл анықтама бойынша
жұрнақтың мынадай белгілері белгіленген:
- жұрнақ сөз негізінде кездеседі;
- жұрнақ түбірден кейін жалғанады;
- жұрнақ арқылы жаңа сөз жасалады.
Сөздің құрамындағы жұрнақты анықтау үшін оқушыға
анықтамада айтылып өтілген белгілері бар, жоқ екендігіне көз
60
жеткізу үшін талдау жүргізу қажет. Оқушы сөзден жұрнақты
бөліп көрсету үшін:
- сөз жалғауын түбірден ажырату үшін сөзді өзгертеді;
- оның негізінде сөз түбірін табады;
- түбір мен жалғау арасындағы бөлікті жеке алып
қарастырады;
- осындай жұрнақтары бар басқа да сөз келтіреді.
Мұндай талдауға мысал:
-
жұмыс+
Достарыңызбен бөлісу: