жайындағы ережелерді және мұғалім түсіндірген білімді саналы меңгеріп,
ұсынылған жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын үнемі орындап отырады.
Міне, осы айтылғандарға сүйене отырып, қазақ пунктуациясын оқушыларға
меңгертуде басшылыққа алатын әдістемелік ұстанымдары төменгіше
саралауға болады.
Саналылық ұстанымы.
Оқушылар материалды саналы түсінулері үшін
мұғалім сабағында қандай мақсат көздейтіндігімен алдын ала
таныстырып
отыруы керек. Бұл – оқушылар зейіні көзделген мақсатқа аударылып,
материалды дұрыс қабылауда, байқағыштық қабілетін арттыруда сабақтың
тиімді өтуіне өте маңызды әсер етеді.
Саналылық ұстанымы білімді игеру барысында өзін-өзі бақылау
қабілеттілігін қамтиды. Өзін-өзі бақылау қабілеттілігі қоршаған өмірді жете
тануға көмектеседі.
Саналылық ұстанымы оқушылардың заттар мен құбылыстар
арасындағы байланыс
пен өзара қатынастарын ашуға, оқылып отырған
материал жөнінде өзінше ой қорытуға жетелейді.
Белгілі мақсатты көздеп, саналы түрде ой топшылай отырып түсінген
материал жақсы нәтиже береді. Сол арқылы меңгерілген білімнің беріктігі
қамтамасыз етіледі. Меңгерілген білімнің саналылығы оны тәжірибелік
жұмыста дұрыс пайдалануға жағдай жасайды.
Мұғалім оқушыларға сабақ мақсатын, ондағы негізгі мәселе қайсы
екенін айтып береді. Мұғалімнің түсінігі оқушылардың білім дәрежесіне,
қабылдау мүмкіндігіне, олардың сөздік қорының мөлшеріне лайық құрылуы
тиіс. Мұғалім материалды
догмалық жолмен емес, нақтылы дәлелдерге
негіздеп, оқушыға сенімді түрде баяндауды көздеуі керек. Ғылыми
материалды саналы түсінуі үшін оқушылар фактілерді дұрыс ажыратуға,
оларды топтастыра білуге, бастысы қайсысы екенін аңғартуға,
нендей
заңдылыққа сүйенетінін анық белгілеуге үйретіледі. Бұлар анализ және
синтез деп аталатын логикалық амалдардың көмегімен жүзеге асырылады.
Айталық, оқушы үйде де, сыныпта да грамматикалық ережені жақсы
айтып береді, бірақ сол ережеге байланысты тыныс белгіден қате жібереді.
Мұның басты себебі, оқыту әдісінің жетілдірілмегендігінен оқушының
тыныс белгілерінің қойылуын саналы игермегендіктен болады.
2. Грамматикалық ұстаным.
Грамматикалық ұстаным дегеніміз -
тыныс белгілерін грамматикалық ережелер негізінде қою. Грамматикалық
ұстанымды басшылыққа алғанда, оқушылар алдымен сөйлемнің құрылысы
мен құрамын және оның түрлерін ауызша талдай білуі шарт. Содан кейін
сөйлемнің құрылысы мен құрамына және оның түріне қарап, сол сөйлемді
жазарда қандай грамматикалық ережелерге сүйеніп, қандай тыныс белгілерін
қоюдың қажеттігін алдын ала ойластырып алады. Сонан кейін мұғалім сол
сөйлемді жазуды талап еткенде, белгілі бір тыныс белгілерін қою жөніндегі
өз ой қорытындысына көзі жеткеннен кейін ғана, жазу үдерісінде сөйлемнің
керек белгілерінің қойылу ерекшелігін игереді.
Ал кейбір оқушылар сөйлемді немесе бүкіл мәтінді әбден жазып
болғанша тыныс белгісін қоймайды. Бұл – зиянды машық.
Себебі кейбір
65
синтаксистік тұлғаны тек ережеге ғана сүйенбей, айтылу интонациясына
қарап ажыратуға тура келеді. Әсіресе, қаратпа сөз бен сілтеу есімдігінен
болған бастауыштар сөйлемнің интонациясына қарап ажыратуды қажет етеді.
Оқушы мәтінді жазып болған соң, оны қоя алмай қалуы ықтимал. Екінші
сөзбен айтқанда, оқушы мәтінді өздігінен оқығанда,
кейбір синтаксистік
тұлғаларды ажырата алмай және оның тыныс белгісін дұрыс қоя алмай қалуы
мүмкін. Мұндай кемшілікті болдырмас үшін тыныс белгісін сөйлемді жазу
үдеріс үстінде қоюды оқушылардан талап еткен жөн.
Қазақ тыныс белгілерінің көбі грамматикалық ережелерге сүйеніліп
қойылады. Әсіресе, сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен құрмалас сөйлемнің
түрлерінің және төл сөз бен сөйлем мүшелеріне байланысты, тағы да басқа
синтаксистік тұлғалардың тыныс белгілері грамматикалық ережелерге
негізделе қойылады. Бұл сияқты синтаксистік тұлғалардың тыныс белгісін
дұрыс қойып жазу үшін, оқушылар олардың өзіндік грамматикалық белгілері
игертіледі. Мұнсыз олар сөйлемді түр-түрге бөліп ажырата алмайды, сол
сияқты сөйлемнен бірыңғай мүшені немесе төл сөзді, тағы басқа да
синтаксистік тұлғаны, олардың тыныс белгісін дұрыс қоя алмайды.
Сондықтан қазақ тілінің тыныс белгісін
жете білуде грамматикалық
ұстанымды басшылыққа алудың мәні зор.
Достарыңызбен бөлісу: