Дж.Д.Рассель модульмен оқытудың бір ерекшелігі – икемділік деп атап
көрсетеді. Демек, материалдың ең кіші бірліктері түрлі кешендерге
топтастырылады.
Ғылыми зерттеулерге (В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Б.С.Блум,
П.Юцявичене, М. Чошанов) сүйене отырып, модульдік оқытудың мынадай
басты ерекшеліктерін атауға болады:
- оқыту
мақсатының айқындылығы;
- нәтиженің айқындылығы;
- оқу материалы оқушылардың мүмкіншілігіне қарай бөлшектерге
бөлініп берілетіндігі;
- әр бөлшектің құрылымы
болатындығы;
- әр бөлшектің (блок) мазмұнын толықтыруға, өзгертуге болатындығы;
- модульге ену, модульден шығу
кері байланыстардың іске
асыратындығы;
- оқушы мен мұғалім субъект-субъектілік қарым-қатынаста
болатындығы;
- мұғалім оқушыларға бағыт беруші, бақылаушы қызметін
атқаратындығы т.б.
- модульдік оқыту модуль бағдарламасына негізделетіндігі;
- бағдарламаны құрастыруда өзіне тән ұстанымдары болатындығы т.б.
Тұжырымдай
келгенде, тыныс белгі туралы білім, білік дағдыларын
қалыптастыру барысында мынадай модульдерге топтастырып оқыту дұрыс
нәтиже береді.
Достарыңызбен бөлісу: