Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет95/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Бастауыш:
– Жолдастар, біздер көп уақыттан бері қарай бірге қызмет
істесіп, адам баласының игілігіне жұмсалып келе жатырмыз. Біз адам
баласының игілігіне қалай жұмсалып, қандай қызмет атқарып келе
жатқанымыз туралы есеп бермекшіміз. Сондықтан бүгінгі мәжілісте
қаралатын мәселе біреу. Ол – осы мәжіліске қатысып отырған бастауыш,
баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш және анықтауыштар өз міндетін қалай
атқарып келеді деген мәселе. 
Біздің бүгінгі бас қосудағы мақсатымыз – әркім өз міндетін қалай
атқарып келе жатқандығы туралы біраз кеңесіп. келешек жұмысымызды
бұдан әрі жандандыра түсудің шараларын белгілеу. Күн тәртібіне пікір айтып,
қосып аларларыңыз бар ма? (бәрі: «
жоқ, жоқ
» дейді). Күн тәртібіне қосып
аларларыңыз болмаса, мен сөйлем мүшесінің ең басты мүшесі
 
бастауыш
160


болсам, әуелі мен өз жұмысым жөнінде қысқаша айтып өтейін. Әрине, мен
алдын ала мойындауым керек, мойындаймын да. Сөз жоқ, мен сөйлемнің
басты мүшесі бастауыш бола тұрсам да, сөйлем ішінде сәйлемнің басты
мүшесі болып қызмет атқаруда менің кемшіліктерім болды. Болмады
демеймін. Мен ірі-ірі қателіктерге де ұрындым. Бірақ қазір мен бұл
қателіктерден мүлдем арылдым. Бұл қателіктерден арылуыма осы отырған
жолдастардың қатаң сындары орасан жәрдем етті. Сынға кең жол ашып,
өрістету керек, жолдастар!
Менің мойнымдағы жауапкершіліктің ұшан-теңіз екені бәріңізге мәлім.
Сонда да менің келелі-келелі табыстарымның бар екенін ешкім жүрегі дау
жоққа шығара қоймас деп ойлаймын. Мен, шынын айтқанда, сөйлемдегі
ойдың иесімін. Менсіз сөйлем жүрексіз дене секілді. Жүрексіз мал да, адам
да ешқандай өмір сүре алмайды. Сондай-ақ сөйлем де менсіз сіздерге
түсінікті бола алмайды. Сондықтан сөйлем мүшелерінің ішінде бәрінен де
менің жауапкершілігім күшті. Сөйлемдегі айтылып отырған ойға бір ғана мен
жауап беремін. Сөйлемде кім? не? деп сұрай келгендердің бәрі атау тұлғада
тұрған мені қиналмай бірден табады. Рас, кейбір жағдайда менін көзге түспей
жасырынып қалатыным бар. Бірақ бұл менің салақтығымнан емес, сейлем
құрушы мына отырған сіздердің олақтықтарыңыздан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет