128
VIII Тарау. Психикалық бүзылыстар симптомдары
ажырату өте қиын. Кәрі адамдар кейде түс көрулерін шынайы өмірмен шата-
стырады. Осыған ұқсас жағдай Ф.М. Достоевскийдің «Дядюшкин сон» пьеса-
сында суреттелген.
Конфабуляция психиканың патологиялық өнімінің нәтижесі болып табы
лады. Ол гипомнезия фонында мидың органикалық
ауруларында кездеседі
(орталық жүйке жүйесінің қан тамырлық зақымдалулары, жарақаттық,
интоксикациялық, инфекциялық ауруларында).
Фиксациялық, антеро-ретро-
градты амнезиялар бірігіп
Корсаков синдромының
триадасын құрайды. Конфа-
буляциялар мнестикалық функция жеткіліксіздігімен бірге жүретін психоздық
жағдайларда да бақыланады. Шизофрениямен ауыратын науқастар кей жағдайда
қиялдан шыққан жайттар жөнінде әңгімелейді (әдетте фантастикалық сипатта).
Псевдореминисценция негізінде кейде экмнезия ^б ы л ы сы дамиды.
Экмне
зия —
науқастың өткен өмірі. Өткен жылдар оқиғаларын науқас қазіргі уақытта
болып жатқандай уайымдайды. Өзінің, туыстарының және таныстарының жас
мөлшерін, айналада ж әне өзімен болып жатқан оқиғаларды осы кезеңге
сәйкестендіреді. Қарттық ақыл кемдігімен сырқат науқастар өздерін 40, 30,
18 жастамыз,
кіш кене баламыз бар, семья құрамыз ж әне қайтыс болған
жақындары хат жазады немесе соғыс кеше ғана бітті деп айтады.
Экмнезия құбылысы кәрілік психозда, истерияда,
шизофренияның соңғы
сатыларында бақыланады. Экмнезия — күрделі психопатологиялық түзіліс. Бұл
кезде соңғы жылдарда ж әне ағымдағы болып ж атқан оқиғалардың есте
сақталмауымен қатар, бұрын болған оқиғаны осы шаққа ауыстырып айтумен
гипермнезия, уақыт бойынша бағдарлау бұзылысы ж әне уақыт аралығында
өзін адастыру, ой түйіндеу бұзылысымен жүреді.
Еске түсірудің сапалық бұзылыстарына
криптомнезия,
яғни жасырын еске
түсіру жатады. Өткен ш ақта науқас
қабылдаған бөтен идеялар, бөтен
шығармашылық, уақыт өте науқас ойында өзінің жаңа, біртума идеясы түрінде
танылады.
Достарыңызбен бөлісу: