&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Неандертальдық бала кейпінің тамаша реконструкциясы



Pdf көрінісі
бет20/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

3. Неандертальдық бала кейпінің тамаша реконструкциясы.
Генетикалық деректер неандертальдықтардың (бәлкім, кейбіреулерінің)
терісі ақ, шашы сары болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Неандертальдықтар sapiens-тердің ассимиляциясына түспеген 
болса, қайда кетті? Ықтимал жауабы мынау: олар 
Homo sapiens
-пен 
бәсекеге төтеп бере алмай, жойылып тынды. Көзге елестетіп көрелік: 
sapiens-тер жүз мыңдаған жылдар бойы неандертальдықтар жайлаған 
Балқан алабына аяқ басты. Келімсектер бүрыннан жергілікті түрғын-
2 4


КОГНИТИВТІ РЕВОЛЮЦИЯ
дар қорек еткен бүғыларды аулап, жаңғақтар мен жемістерді тере бас-
тады. Олар неандертальдықтарға қарағанда аңшы әрі терімші ретінде
өлдеқайда епті еді, озық технологияларды игеріп, тәуір ұйымдасты,
сондықтан тез көбейіп, жаңа жер аумақтарын басып ала берді. Ойлау-
ға орашолақтау неандертальдықтар енді қарын той дыра алмайтын-
дай халге жетті. Популяция азайып, біртіндеп қырыла бастады, бәлкім
бір-екеуі аман қалды. Міне, сол аман қалған санаулы неандертальдық
көрші қонған sapiens-терге қосылып, мидай араласып кеткен шығар.
Бұдан басқа да болжам бар: ресурсқа бола басталған бөсеке, зор-
лық-зомбылық пен геноцидке ұласты. Sapiens-тер қай кезде де төзім-
сіз еді. Қазіргі тарихта да терінің түсіндегі, диалекті мен діндегі болма-
шы айырмашылыққа бола, sapiens-тердің бір тобы екіншісін қынадай
қырып жатады ғой. Ендеше, ежелгі sapiens-терден мүлде басқа адам
түріне қатысты төзімділік күтуге бола ма? Неандертальдықтарға кезі-
ге қалған sapiens-тер өзінің тас тунек тарихында тұңғыш әрі тубегейлі
этникалық тазалау қарекетін қолға алуы әбден мүмкін.
Қалай болғанда да, неандертальдықтар бізге алғашқы «егер де»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет