ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
кінәлай жөнеледі. Сталиндік ашық соттау кезіндегі кінәлілердің акта-
луга мүмкіндігі болмағаны сияқты бұл сотта әке-шеше ештеңе істей
алмайды.
Қиялдағы қауымдастықтар
Нуклеарлы отбасы сияқты, қауым да біздің әлемнен біржола жо-
ғалып кеткен жоқ. Адамдар миллиондаған жылдар бойы қоғамдық
жануар сияқты дамып келгендіктен, қауым өзінің орнына әлдебір эмо-
циялық эквивалент қалдырмастан жойылып кете салмайды. Вүгінде
материалдық қажеттіліктердің бәрін мемлекет пен нарық қанағаттан-
дырып отыр, бірақ олар тайпаішілік байланыстарды немен айырбас-
тамақ?
Нарық пен мемлекет оның орнына бір-бірін танымайтын миллион-
даған адамнан «қиялдағы қауымдастықты» өсіріп шығарып, осынау
жаңа қауымды мемлекеттік және коммерциялық мүдделерге бағынды-
рып қояды. Мұндай қауымдастықтар шын мәнінде бірін-бірі білмейтін,
бірақ бейне бір етене таныстардай кейіп танытатын адамдардан тұ-
рады. Бұл соншалықты соны жаңалық емес. Корольдіктер, империя-
лар мен шіркеулер мыңдаған жылдар бойы дәл осы қиялдағы қауым-
дастықтар сияқты қызмет атқарды. Ежелгі Қытайда ондаған миллион
адам өздерін бір отбасының балалары санады, олардың әкесі им
ператор еді. Орта ғасырларда миллиондаған тақуа мұсылман бірін-
бірі біртұтас үлық ислам жамағатының ішіндегі аға-ініге, апа-сіңіліге
балады. Бірақ баяғыдан білетін көрші қауымдармен салыстырғанда,
осынау қиялдағы қауымдар екінші дәрежелі рөлге ие еді. Әлгі шағын
қауымдар әр мүшесінің тіршілігі мен қорғанышын қамтамасыз етіп,
эмоциялық әлемін толықтырып отырды. Соңғы 200 жылда көрші-қо-
лаңдар қауымы құлдырап, эмоциялық вакуумды қиялдағы қауымдар
толықтыруға көшті.
Ондай қауымдардың ең маңызды екі мысалы - ұлт және тұтыну-
Достарыңызбен бөлісу: |