«Қазақ салты».
Осы өлеңдегі «
Жақынмен
ыуылдастық
ит
-
тей үрдік»
деген тармақтағы «
ырылдастық
»
деген сөз «Ақ жолда»
«
араздастық
»
деп өзгертілген. Бұл сөз түпнұсқадағы қалпына 2003
жылы түзетілгендіктен, осы жинақ негізге алынды.
«жиған-терген».
Түпнұсқада
«Мақтады
ұлық
–
болды мәз!»
де-
ген тармақтағы
«
ұлық
»
деген сөзге А.Байтұрсынұлы
«ұлық
–
хакім»
деген түсінік берген. Түпнұсқада сонымен қатар «
Арендаға алып па»
деген тармақтағы «
арендаға
» деген сөзге де автор «
жалдауға
» деген
сілтеме берген. Ал бұл түсініктер 1989, 1991 жж. жинақтарда негізге
алынбаған.Түпнұсқадағы «
Жан-жақты бұлт торлады»
деген тармақ
1989, 1991 жж. жинақтарда
«Көкті бұлт торлады»
деп өзгеріске
түскен. Түпнұсқадағы:
«Қазағым, елім,
Қайқайып
белің»
деген тармақ-
тағы
«
қайқайып
»
деген сөз «Ақ жолда» (79-б.)
«
қайқиып
»
деп
өзгерген. Осы келтірілген тармақтың соңына жұлдызша қойылып,
сілтеме түрінде:
«Соңғы 8 жол өлең төңкерістен бұрын шыққан
«Масаларда», цензура рұқсат етпегендіктен басылмаған. А.Б.»
де-
ген түсінік берілген. Бұл түсінік 1989, 1991 жж. жинақтарға енбей
қалған. Және 1989 ж. жинақта: «1922 жылғы Қазаннан шыққан ба-
сылымында:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш, көзіңді, оянып!
Қанған жоқ па, әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың? –
деп келетін 8 жол өлең қосылыпты» деген түсінік берілген (311-б).
«Ақ жолдың» алғысөзінің авторы да осындай түсінікті өз атынан бер-
ген. Өзгерген тұстар түпнұсқа бойынша 2003 жылы түзетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |