А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет145/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

«есек пен үкі». 
Бұл өлең 1991 ж. басылымда «Қырық мысал» 
жинағының 36-ншы мысалы ретінде берілген. Түпнұсқаға сүйенсек, 
аударма «Маса» жинағында жарияланған. 
сондай-ақ, 
түпнұсқада 
«Есек пен үкі» мысалының түйіні ретінде берілген ғибрат:
«...Жазған сөз жаным ашып Алашыма:
Алаштың адасқан аз баласына.
Қаннан қан еткен інім, бауыр жұртым!
 
Қараған «Қара таудың» қаласына.
Іші лас, сырты таза залымдардың
Алданып құр сыртының тазасына.
Мәз болып байғазы алған балаларша 
 
Сатылып жылтыраған танасына.
Әбілдің зиаратын аттап өтіп,
Қабылдың бата қылма, моласына.
Қорыққанға қос көрініп, қойдай үркіп,
 
Тығылып дажалдың итханасына.
Ес кетіп, сабыр қалмай сасқалақтап,
Қорыққаннан көзің сыймай шарасына.
Ұмытып Құдайды да, Құранды да,
 
Бас ұрма Лат, Манат ағашына»
төрт шумақтың алдында келетін яғни 
«Тал түсте лақты деп соны айтып 
жүр
» деген тармақпен тәмамдалған бөлігі «Аудармалар» деген тарауға, 
ал жоғарыда келтірілген «
Жазған сөз жаным ашып Алашыма» 
деген 
тармақтан басталатын алдыңғы мысалдық бөлікте айтылған ғибраттық 
ойды білдіріп тұрған қорытынды бөлігі 
«Өлеңдер» 
атты тарауға топтас- 
тырылған. 2003 ж. басылымда бұл мысал түпнұсқадағы қалпына кел-
тірілді. 
«Жазған сөз жаным ашып Алашыма» 
деген тармақтан бастала-
тын жоғарыда келтірілген үзінді «Ақ жолға» (1991) енбей қалған. 
Түпнұсқадағы «
Тығылып дажалдың итханасына» 
деген тармақ 1989 ж. 
жинақта «
Тығылып тажалдың бұтханасына» 
деп берілген және түп- 
нұсқадағы 
«Бас ұрма Лат, Манат ағашына
» деген тармақ 1989 жыл- 
ғы жинақта 
«Бас ұрма ләнат-манат ағашына
» деп өзгертілген, бұл 


358
өзгертулер түзетілді. Лат, Манат, Ғузза – арабтардың ислам дінін 
қабылдаған уақытқа дейін табынған пұт мүсіндері.
«Қазақ қалпы». 
Түпнұсқада бұл атау 
«Қаз едік қатар ұшып 
қаңқылдаған
» деп басталатын өлеңдікі. Ал 1989, 1991 ж. жинақтарда 
бұл өлеңнің аты 
«Қазақ салты» 
деп өзгеріске түскен. Түпнұсқа 
бойынша 
«Қазақ салты»
атты өлеңі 
«Қалтылдақ қайық мініп еспесі 
жоқ» 
деп басталады. 1989, 1991 ж.ж. жинақтарда соңғы өлең 
«Қазақ 
қалпы
» деп аталады. 1922 жылғы нұсқада «Қазақ қалпы» өлеңі бірін-
ші, «Қазақ салты» екінші берілген. Түпнұсқалық қалпына 2003 жылы 
келтірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет