«Қыздыр дейсің мәжі-
лісті, жан дейсің»
деп өзгертілген. Бұл өзгеріске түскен өлең жол-
дары түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы түзетілгендіктен, осы жинақ
негізге алынды.
«Ат».
Түпнұсқадағы:
«Әбзелмен жарқыраған әсем
басып
»
деген
тармақтың
«басып»
сөзі 1989, 1991 жж. жинақта
«басқан»
деп өзгер-
тілген. Бұл сөз түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы түзетілгендіктен,
осы жинақ негізге алынды.
«Данышпан Алектің ажалы».
Бұл аударманың атауы 1989, 1991
жж. жинақта «Данышпан Аликтің ажалы» деп берілген. Бұл өлең
А.С.Пушкиннің «Львов жылнамасындағы» жылнамалық әңгіме не-
гізінде жазылған. 1825 жылы жарияланған «Песнь о Вещем Олеге»
атты шығармасының аудармасы.
Түпнұсқадағы:
«Царград – Станбул қаласының бұрынғы аты.
Сауыт Царград – сонан шыққан сауыт». «Перун – дінсіздер табы
-
натын пұт
»
деген А.Байтұрсынұлының берген түсініктері 1989 ж.
жинақта:
«
Царград
–
қаланың аты. Сауыт
–
сонан шыққан сауыт.
2. Перун – дінсіздер табынатын пұт»
болып, ал «Ақ жолда»:
«Пұт,
дінсіздер табынатын»
деп, «перун» сөзіне ғана түсінік берілген.
Осы өлеңдегі:
«Қалқаның қақ басында Царградтың»
деген тармақ
1989, 1991 ж.ж. жинақта
«Қалқанның
–
қақ басында Царград-
ты»
десе, ал
«
Күңіркеп дұшпандарың көре алмайды»
деген тармақ
«Күңкілдеп, дұшпандарың көре алмайды»
деп,
«Әйтсе де, ой мен
жүзі торғылданар»
деген
Достарыңызбен бөлісу: |