366
түпнұсқадағыдай берілсе, 1991 жылғы жинақта
«келер»
сөзі
«келеді»
болып өзгерген. Түпнұсқадағы:
«Кел тыңда деп өзгеге болар басшы»
деген өлең жолы 1991 жылғы басылымда
«Кел, тыңда!» деп өзгеге
болар басшы
» деп берілген болса, 1989 жылғы жинақта түпнұсқа
қалпы сақталған. Келесі тармақтағы
«...дүңгір-күңгір...»
деген сөз тір-
кесі 1989 жылғы жинақта түпнұсқадағы қалпын сақтаса, 1991 жылғы
жинақта бұл тіркес
«...қаңгыр-күңгір...»
деп өзгеріске ұшыраған. 2003
жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқаны негізге алған, біз де солай ет-
тік.
сөз өнері.
Түпнұсқа және 1989 жылғы жинақтағы
«...ұғу...»
сөзі
1991 жылғы жинақта
«...ұғыну...»
болып өзгерген. Сондай-ақ түпнұс-
қадағы
«....бернесіне...»
сөзі 1991
жылғы басылымда
«...бейнесі
-
не...»
деп берілген. Ал 1989 жылғы басылымда түпнұсқадағы қалпы
сақталып, өзгерген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліпті. Түпнұсқада
«Сөз өнері жүзінде асқан өнерпаздар....»
деген сөйлем 1989 жылғы
жинақта дұрыс берілсе, 1991 жылғы жинақта
«...асқан...»
сөзі түсіп,
«Сөз өнері жүзінде өнерпаздар...»
деп берілген. Түпнұсқа мен 1989
жылғы басылымдағы «
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»
деген өлең
жолындағы
«әркімнің-ақ»
сөзі 1991 жылғы «
әркімнің де»
болып
өзгерген.
«Сонда да ішінде бар таңдамасы»
деген келесі тармақтағы
«...ішінде бар
» сөзі 1991 жылғы жинақта қолданылмай,
«Сонда да
солардың бар таңдамасы
» болып өзгеріске ұшырған. 1989 жылғы
жинақта түпнұсқадан ауытқымай, сол қалпында берілген. Түпнұсқа
мен 1989 жылғы жинақтағы
«Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен...»
де-
ген тіркестегі
«әркімнің»
сөзі 1991 жылғы жинақта
«әр кісінің»
деп
өзгертілген. Өзгеріске ұшыраған сөз түпнұсқа бойынша 2003 жылы
түзетіліпті, біз осыны негізге алдық. Сондай-ақ, түпнұсқа мен 1989
жылғы жинақтағы
«...сөз тізу салттарынан, шарттарынан...»
деген
сөйлемдегі
«салттарынан»
сөзі 1991 жылғы жинақта жоқ. Түпнұсқа
2003
жылы қалпына келтірілген, біз де осыны негізге алдық.
Достарыңызбен бөлісу: