А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет34/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

жАУғА тҮсКеннің сӨзі
Жанға көңіл қалып тұр,
Жан бұл күйге салып тұр.
Тәнге көңіл қалып тұр,
Тән шыдамай арып тұр.
Жұртқа көңіл қалып тұр,
Жұрт жалғанға нанып тұр.
Өтірік өрлеп, күшейіп,
Шын жеңіліп, талып тұр.
Бақ дегенде байлау жоқ, 
Уағдадан танып тұр.
Тағдыр шіркін тап беріп, 
Тамағымнан алып тұр.
Бәле деген аңдушы
Аяғымнан шалып тұр.
Жала деген төбеті
Балтырымнан қауып тұр.
Жау білегін сыбанып,
Пышағын қайрап, жанып тұр.
Сауысқан, қарға, қарақұс
Жемтік аңдып, бағып тұр.
Көре алмаған күншілдің
Көңіліне мұным жағып тұр.
Табалаған жаманның 
Шаян тілі шағып тұр.
«Әй, сені ме!» дегеннің 
Айызы әбден қанып тұр.
Жаны ашыған жақынның 
Жас көзінен ағып тұр.


105
Айыруға амал жоқ,
Қылышын жерге шауып тұр.
«Әлдеқалай болар» деп,
Жүрегі жұлқып қағып тұр.
Түгі жылы, білмедім:
Түледі ме, нағып тұр?
Түлемеген түпкі дос,
Түлегенің барып тұр!..
АДАМДыҚ ДиҚАнШысы
Адамдық диқаншысы қырға шықтым, 
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. 
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, 
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет, 
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет. 
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Жаратқан малды Құдай не керекке – 
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп, 
Бұйрың жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап
Көк есек қозғала ма, түрткенге айдап? 
Есептен алданғандай болғандар көп, 
Жасықты асыл ма, деп білмей қайрап.
КӨК есеКтерГе
Не жазып ем, Құдай-ау, мен қазаққа? 
Мүбтала
9
ғып салғандай бұл азапқа?! 
Адамшылық есебіне кірісіп,
Қолы жетсін дегендік пе, азатқа?
9
Мүбтала – араб сөзі «душар болу», «бір нәрсеге ұшырау, жолығу, азап шегу» деген 
мағынада.


106
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа, 
Жол сілтедім жақын емес, алысқа.
«Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, – 
Дедім, – сен де қатарыңнан қалыспа!»
Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? 
Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым? 
Аштан өлген аталарың бар ма еді,
Тамақ үшін сатқан иттер иманын.
Көң тасыған көк есектер, бәріңе, 
Қалдырмастан жағалай жас-кәріңе
Үрім-бұтақ нәсіліңе қалғандай 
Нық басылар кетпейтін мөр тәніңе.
Бәріңді де іздеп қарап көрермін, 
Тапқанымды тастамаспын, терермін.
Миллат үшін еңбектері сіңген деп,
Өсиет қып, кейінгіге берермін...
Асықпаңдар! Артымызда қазы бар
Тергеп талай, сүйектерің қазылар. 
Пайғамбарды сатып отыр тілла алған, 
Яһудамен бірге аттарың жазылар.
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен 
Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет