253
дүниедегі
нәрселердін бәрі
сабақтас, іліктес, құрмалас
. Ол
сабақтас, іліктес әм құрмаластығы белгілі себептер бойын-
ша болып, себеп жүзіндегі белгілі бір заңға мойынсұнып, сол
заңның жолынан бұрылмайды. Ол
заң табиғат заңы, ол заң
жолы табиғат заңының жолы.
Нәрселер
арасында қандай сабақтастық, іліктестік,
құрма-
ластық бар екенін ашу жағын, олардың бар болуы қандай себеп-
термен, қандай заң бойынша екендігін айыру жағын байымдап,
ғалым адамдардың шығарған сөздері
пән шығарма
деп атала-
ды. Пән шығарманың асылы байымдама болады,
сондықтан
пән шығарманың жалпы аты да байымдама болады.
Байымдаманың зор мүшесі төртеу: 1.
бастамасы,
2.
ұсынбасы
,
3.
баяндамасы
, 4.
қорытпасы
. Бастамасында әңгіме болатын
нәрсе туралы басқалар тарапынан айтылған пікірлер барлығын
иә жоқтығын айтады. Оны айтпай бастауға да жазушы ықти-
ярлы, сондықтан бастаманы қалай бастау жазушының ықтия-
рында десек те болады.
Ұсынбасында әңгіме болатын пікірмен таныстырады.
Баяндамасында алынған нәрсе баяндалады, оның турасын-
да
айтылған пікірлерге дәлелдер, сипаттар келтіріледі.
Қорытпасында айтылған пікірлердің иә маңызы қайта ай-
тылады,
иә пікірлерден шыққан
Достарыңызбен бөлісу: