256
Сондықтан тұрмыс мәселелері туралы шыққан сөздерді сынға
салмай сенуге болмайды. Сондықтан да тұрмыс мәселелері
турасындағы пікірлер талқыға салынып барып мақұлданады.
Дарынды сөзді сынау үшін де білім керек, бірақ қара сөзді
шығармаларға керек болған пән білімі емес, басқа түрлі білім
керек. Бұған ғылым білімінен гөрі өнер білімі көбірек керек!
Ұстаның мінін көбінесе ұсталар көреді. Сондай-ақ, дарынды
сөздің мінін ақындық дарыған адам көбірек көрмек, бірақ ұста
істеген нәрсенің мінін ұстаның бәрі көре бермейді. Жақсы ұста
ғана ұста істеген нәрсенің мінін көре алады.
Жаман ұстаға
өзінен артық ұстаның істеген нәрсесінің бәрі де жақсы көріне
береді. Ондай ұстадан да жақсы ұстаның істеген нәрсесін
тұтынып, көзі үйренген жай адам ұстаның ісін артық сынай-
ды. Сол сияқты, дарынды сөзді ақындығы шамалы адамнан да,
жақсы ақындардың сөзін оқып, әдемілігінен әсер алып үйреніп
қалған, оқыған жай зейіні ашық адамдар дарынды сөзді артық
сынауы ықтимал. Сондықтан дарынды сөзді сынауға ақындық
керек болғанмен, ақын емес адамның да қолынан келмейтін іс
емес. Сүйтіп, ғылым сыны ғалымдықсыз жасалмайтын сын да,
дарынды сөз сыны ақындықты керек қылғанмен, ақындығы
жоқ, ақындықтан шыққан әдемі сөздерге үйір болған адамдар
да жасауға болатын сын.
Дарынды сөз қай жағынан сыналмақ деген мәселеге келсек,
оның жөнін дарынды сөздің шығатын жолы көрсетіп,
айтып
тұр. Қара сөзді әдебиетте пікір сүлде түрінде айтылады. Да-
рынды сөзде пікір сурет түріңде шығады яғни сүлде үстіне
өң, ажар, жан, мінез, қылық беріліп, тұрпат, тұлға, түс бітіп,
тірі нәрсе болып шығады. Сондықтан да дарынды сөз көркем
сөз деп аталып, қара сөздер жалаң сөз деп айтылады. Қара
сөздің сынында пікір дұрыстығы, істің растық жағы тексеріл-
се, көркем сөздін сынында, пікір дұрыстығының үстіне, пікірге
берілген сурет сұлулық жағы да тексеріледі. Көркем сөзді әрі
сүлде, әрі сурет екі жағынан да тексеруге тиіс болғандықтан,
оның сынында мынадай сұраулар боларға керек:
Тұрмыстың қай жағын алып сөз қылған? Мазмұны дұрыс
па яғни өмірде ондай қалып ұшырай ма? Яки ұшырауға мүмкін
бе? Өмірде болатын қалып болса, неден болады, неден болатын
257
себебін біліп айтқан ба? Адам баласының бәрінде боларлық
қалып па, белгілі бір табында ғана боларлық қалып па? Мұрат
қалып па? Кейіп қалып па? Бұл шығарманың сүлде жағының
сыны. Сурет жағының сынында сұраулар мынау түрде болмақ:
Көркем сөз табына шын қосыларлық сөз бе? Қиял жасаған
тұрпаттар, ойдан үйлестірген уақиғалар пікір санасына тура
келіп, дұрыс сүгіреттеп, өңдендіріп көрсете ала ма? Тілі өрнекті
ме? Әуезді ме? Лұғаты таза ма? Анық па? Қысқасы, ойды
өрнектеп, көрнектеп, суреттеп көрсеткендей тілінде шеберлік
бар ма? Екінші сөзбен айтқанда, ақылдың аңдағанын, қиялдың
меңзегенін, көңілдің түйгенін тілі дұрыс жеткізе алған ба?
Манағының бәрін қорытып айтсақ, асылында, көркем сөзде
екі тысқы, екі ішкі сын болалы.
Тысқы сындар: 1) тілінің,
лұғатының сыны яғни тілінің
дұрыстығы, анықтығы, тазалығы, дәлдігі, көрнекілігі, әуезділігі,
өрнектілігі жағының сыны.
Сүгіретінің сыны: яғни кестесін келтіріп, ұнасымды түрде
үйлестіріп суреттеуінің сыны.
Ішкі сындар: 1) алынған мінез, айтылғаң кылық, көрсетілген
қалып, жан жүйесінің жөнімен қарағанда, дұрыс бүгіп шығу,
шықпауының сыны. 2) Өмір жүзінде айтылған нәрсесінің
болатындығының себебін дұрыс көрсеткен, көрсетпегенінің,
адам қауымындағы қалып түзелу жағына әсер етерлік (пайда-
зиян келтірерлік) қуаты бар-жоғының сыны.
Көркем сөзді сынағанда, әдебиет түрінің осы төртеуі түгел
жұмсалады (сын мысалдарын нұсқалықтың 24, 25, 26, 27-інші
нөмірлерінен қара).
3. Шешен сөз.
Шешен сөз қара сөз шығармалардың бөлекей
бір түрі емес, бұ да байымдама болады. Мұның байымдамадан
бөлектенетін жері мынау ғана:
Байымдамада жазушының пікірі – негізгі пікірін баяндап,
түрлі
дәлелдермен сипаттап, анық түсіндіріп беру.
Шешен сөзде айтушының мақсаты – баяндап, сипаттап
түсіндірумен қоймай, пікіріне нандыру, сеңдіру, ұйыту, бұйыту,
иман келтіру болады.
Оны істеу үшін шешендер жай байымдаушыларша айтқан
сөзі адамның ақылына қону жағын ғана көздемейді, сөз қанға,
жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да
258
балқытып, билеп алып кетуге ыждаһат етеді. Сондықтан ше-
шен сөздің
«қыздырма»
яки
«қоздырма»
деген айрықша бөлімі
болады. Оның қызметі адамның жүрегін билеп, жүйесін боса-
ту,
қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру.
Шешен сөздің бұл бөлімі пікірді дәлелдеп,
сипаттап,
мәністеп болғаннан кейін келеді. Үйткені пікірді баяндап,
түсіндіріп, дәлелдеп, сипаттап, ақыл жағы қанағаттанғаннан
кейін жүрек жағына әсер етіп, бойын балқыту жеңіл болады.
Осы айтылған мақсаттарға қарай шешен сөздің тілі уытты,
лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүрек тулатып, естен айырып,
ерікті алып кететін күшті, көрнекті, сәнді, мәнді тіл болады.
ІІІешен сөздің зор мүшелері бесеу: а) Бастамасы, ә) ұсын-
басы, б) мазмұндамасы, в) қыздырмасы, г) қорытпасы.
Достарыңызбен бөлісу: