24- бап 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 1- тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) ( бұр.ред.қара ) 1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы
бар. Еріксіз еңбекке қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп
тану туралы сот актісінің негізінде не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана
жол беріледі.
2. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн
нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай
-
ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға
құқығы бар.
3. Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып,
жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.
4. Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен
белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл
сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 10.03.99 ж. № 2/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз 25- бап 1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол
берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кiруге, оны тексеруге және тiнтуге заңмен белгiленген
реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.
2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн
жағдайлар жасалады. Заңда көрсетiлген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен
белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама
-
шарқы
көтеретiн ақыға берiледi.
26- бап 1. Қазақстан Республикасының
азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын
мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады.
2. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi.
3. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген
ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең
бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк
қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi әрi
шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.06.00 ж. № 6/2; 20.12.00 ж. № 21/2 қаулыларымен берілген түсініктемелерді қараңыз