28-
бап
1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған,
асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi
жалақы мен зейнетақының мөлшерiнде әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк
берiледi.
2. Ерiктi әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын
жасау және қайырымдылық көтермеленiп отырады.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 12.03.99 ж. № 3/2 қаулысымен берілген түсініктемені
қараңыз
29-
бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
2. Республика азаматтары заңмен белгiленген кепiлдi медициналық көмектiң көлемiн
тегiн алуға хақылы.
3. Мемлекеттік және жекеменшiк емдеу мекемелерiнде, сондай
-
ақ, жеке медициналық
практикамен айналысушы адамдарда ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгiленген
негiздер мен тәртiп бойынша жүргiзiледi.
30-
бап
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегiн орта білім алуына кепiлдiк
берiледi. Орта білім алу мiндеттi.
2. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негiзде тегiн жоғары білім
алуға құқығы бар.
3. Жекеменшiк оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгiленген негiздер мен
тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
4. Мемлекет білім берудiң жалпыға мiндеттi стандарттарын белгiлейдi. Кез келген оқу
орнының қызметi осы стандарттарға сай келуi керек.
Достарыңызбен бөлісу: