Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз



Pdf көрінісі
бет9/56
Дата04.12.2023
өлшемі443,26 Kb.
#194994
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56
Байланысты:
Конституция Kk

19-
бап
1. Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және 
оны көрсету
-
көрсетпеуге хақылы. 
2. Әркiмнiң ана тілі мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым
-
қатынас, тәрбие, оқу және 
шығармашылық тілін еркiн таңдап алуға құқығы бар.
20-
бап
1. Сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады. 
2. 
Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға 
және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып 
табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi. 
3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын 
бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, 
дiни, тектiк
-
топтық және рулық астамшылықты, сондай
-
ақ қатыгездiк пен зорлық
-
зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейд
i. 
21-
бап
1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбiр адам, заңда 
көрсетiлгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркiн жүрiп
-
тұруға және тұрғылықты 
мекендi өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. 
2. Әркiмнiң Республикадан тыс жерлерге кетуiне құқығы бар. Республика 
азаматтарының Республикаға кедергiсiз қайтып оралуына құқығы бар.
22-
бап
1. Әркiмнiң ар
-
ождан бостандығына құқығы бар. 
2. Ар
-
ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық 
құқықтар мен мемлекет алдындағы мiндеттерге байланысты болмауға немесе оларды 
шектемеуге тиiс.
23-
бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығы бар. 
Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметi заңмен реттеледi. 
2022 ж. 08.06. ҚР 
Заңымен
2-
тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық 
референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама 
жарияланды) (
бұр.ред.қара

2. Республика Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының және өзге де соттарының 
төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық 
палатасының төрағалары мен мүшелері, әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік 
органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері саяси партияларда, кәсіптік 
одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс.
 
ҚР Конституциялық Кеңесінің 05.07.00 ж. № 13/2 қаулысымен берілген түсініктемені 
қараңыз 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет