№ 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред . қара) 2. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғамдық бiрлестiктер iсiне
мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық
бiрлестiктерге мемлекеттік органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi.
3. Мақсаты немесе iс
-
әрекетi Республиканың конституциялық құрылысын күштеп
өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк,
нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк
-
топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған
қоғамдық бiрлестiктер құруға және олардың қызметiне, сондай
-
ақ заңдарда көзделмеген
әскерилендiрiлген құрамалар құруға тыйым салынады.
4. Республикада басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының,
дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай
-
ақ саяси партиялармен кәсiптiк одақтарды
шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық
ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 07.06.00 ж. № 4/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз 5. Шетелдiк дiни бiрлестiктердiң Республика аумағындағы қызметi, сондай
-
ақ
шетелдiк дiни орталықтардың Республикадағы дiни бiрлестiктер басшыларын
тағайындауы Республиканың тиiстi мемлекеттік органдарымен келiсу арқылы жүзеге
асырылады.
6- бап 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншiк пен жеке меншiк танылады және
бiрдей қорғалады.
2. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет
етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге
асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi
заңмен
белгiленедi.
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 3- тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) ( бұр.ред.қара ) 3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да
табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге
асырады. Жер, сондай
-
ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке
меншікте де болуы мүмкін.