3- бап 1. Мемлекеттік билiктiң бiрден
-
бiр бастауы
-
халық.
2. Халық билiктi тiкелей республикалық
референдум
және еркiн сайлау арқылы жүзеге
асырады, сондай
-
ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға бередi.
3. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi
иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады.
Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентінің, сондай
-
ақ
өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкіметі
мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде
ғана билiк жүргiзедi.
4. Республикада мемлекеттік билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе
-
теңдiк
жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс
-
қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады.
4- бап 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 1- тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) ( бұр.ред.қара ) 1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес
заңдардың, өзге де
нормативтiк құқықтық актiлердiң
, халықаралық шарттары мен
Республиканың
басқа да мiндеттемелерiнiң
, сондай
-
ақ Республика Конституциялық
Сотының және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады.
«Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі № 1 Нормативтік Қаулысымен берілген түсініктемені, ҚР Конституциялық Кеңестің 1996 жылғы 28 қазандағы № 6/2