13-
бап
1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары
мен
бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға
қайшы келмейтiн барлық
тәсiлдермен қорғауға хақылы.
2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi
тегiн көрсетiледi.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 22.03.99 ж. № 7/2; 15.02.02 № 1 қаулыларымен берілген
түсініктемелерді қараңыз
14-
бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең.
2. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк
жағдайына, жынысына,
нәсiлiне,
ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез
келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 10.03.99 ж. № 2/2; 22.03.99 № 7/2 қаулыларымен берілген
түсініктемелерді қараңыз
Достарыңызбен бөлісу: