Байланысты: XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm
«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ» «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА РЫ» сипаттағы қайтымсыз өзгерістерден қорғау проблемасы, сондай-ақ
әлемдік мұхит пен Ғарыш кеңістігін ұтымды игеру міндеті жатады.
Бұл, біріншіден, экологиялық проблемалар; екіншіден,
қоғамның табиғатты игеруіне байланысты проблемалар, яғни
шикізат және энергетика ресурстарының проблемалары; үшіншіден,
салыстырмалы түрде жаңа жаһандық объектілерге – ғарыш кеңістігі
мен Әлемдік мұхитқа байланысты проблемалар [3, 48 б.].
Сурет 3 – Энергия және шикізат мәселесі
Энергетикалық мәселе: энергетикалық ресурстар
өндірісінің монополиялануы, тұтыну салаларының қарқынды
дамуы энергетикалық шикізаттың тапшылығына және
олардың бағасының күрт артуына себепші болды. Мұнай, газ,
көмір, торф ағаш ресурстарының шектеулі болуы қалпына
келетін немесе сарқылмайтын балама ресурс түрлерін пайдалануды
жеделдетті.
Шикізат қорының шектеулігі – адамзаттың шикізатты
пайдалану ауқымы мен деңгейі қоғамның әлеуметтік – экономикалық
қажеттіліктерімен анықталады. Шикізат түрлеріне сұраныс жылдан
– жылға Жер шарында халық санының өсуіне, өндірістің қарқынды
дамуына байланысты арта түсті.
Сурет 4 – Экологиялық мәселелер
Ғаламдық әсер ету дәрежесі мен сипатына қарай екінші кезекке
қоюға болады. Өйткені адамзат тіршілігінің болу – болмауының
өзі экологиялық мәселелерді шешу мен оның алдын алуға тікелей
қатысты болып отыр. Жаһандық проблемалардың үшінші тобы –
«адам-қоғам» жүйесімен байланысты мәселелер – жер бетіндегі
адам өмірінің сапасымен байланысты. Демографиялық мәселе,
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдени
әртүрлілікті сақтау мәселелері. Олар жеке адамға тікелей қатысты
және қоғамның тұлғаның дамуы үшін нақты мүмкіндіктер беру
қабілетіне байланысты. Бұған денсаулық сақтау және білім беру
мәселелері, сондай-ақ халықтың санын бақылау мәселелері
жатады. Проблемалардың бұл тобы адамға, оның жеке өміріне
тікелей байланысты. Бұл «адами қасиеттердің» проблемалары –
адамның моральдық, зияткерлік және басқа да бейімділіктерін
дамыту, салауатты өмір салтын, қалыпты психикалық дамуды
қамтамасыз ету. Бұл проблемаларға 70-ші жылдардың екінші
жартысынан бастап ерекше назар аударылған, глобалистикаға тән
белгі болды [4, 35 б].
Сурет 5 – Демографиялық мәселелер
Жер шарында адам санының өсуі шикізатты пайдалану
мөлшерінің артуына, қоршаған табиғи ортаның жай күйіне елеулі
түрде ықпал етеді. Жер шарында 2022 жылдың 15 қарашасында
әлемдегі адам саны 8 миллиардқа жетіп, адамзат дамуының
маңызды кезеңі басталды. Халық саны өсуінің қазіргі қарқыны
сақталса, дүниежүзі халқының саны 49 жылдан кейін екі есеге
ұлғаяды.
Халық санының өсуі:
– өңделетін жер көлемінің азаюына;
– азық – түлік тапшылығына;
– қоршаған ортаның жай –күйінің өзгеруіне әкеліп соғады.