Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет178/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
қарастырумен айналысуда. Осыған орай Күн энергиясын электр 
энергиясына айналдыратын құрылғыларды пайдалану деңгейі 
жылдан-жылға өсіп келеді.
Проблеманы шешу үшін біз не істей аламыз?
Біріншіден, проблеманы әлемдік деңгейде шешуге ұмтылмас 
бұрын, әр адам өзінен бастау керек. Әркім жай ғана энергияны 
үнемдеп, жарықты қолданбағанда сөндіріп, зарядтағыштарды электр 
ұясынан шығарып жүрсе, ол елеусіз нәрсе болып көрінгенімен, бірақ 
энергияны үнемдеуге үлкен үлес тигізеді.
Ойлап көріңіздерші, жер бетінде 8 миллиард адам өмір сүреді. 
Әркім энергияның қолдану мөлшерін небәрі 1,5 есе азайтса, отын 
мен энергия ресурстарының қаншалықты үлкен мөлшері үнемделеді 
[3, 54 б.].
Сонымен қатар, энергияны үнемдеу мақсатында көптеген 
инновациялық құрылғылар ойлап табылды. Мысалы, өнеркәсіптік 
және коммуналдық жабдықтарды өзгертіліп, ондағы энергия 
тұтыну азайтылды, электр үнемдегіш көліктер ойлап шығарылды. 
Осындай басқа да өнертабыстар шығарылып, кеңінен қолданыла 
бастаса, энергия тұтынуын бірнеше есе азайтуға болады. Сондықтан, 
осындай жаңа құрылғыларға назар аударып, дамуы мен таралуын 
қамтамасыз ету керек.
Яғни, әрбір адам энергия үнемдеудің маңыздылығы мен 
қажеттілігін түсінсе, энергияны қолдануға немқұрайлы қарамай, 
оны үнемдесе, проблеманың масштабтары кемиді.
Екіншіден, энергияны үнемдеуге үлкен үлес қоса алатын 
тағы бір зат - баламалы энергия көздері. Баламалы энергия 
көздері дегеніміз - қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін, табиғи 
таза энергия өндіру көздері. Ондай энергия көздері экологияға еш 
зиянын тигізбейді, мұнай, көмір, газ тәрізді пайдалы қазбаларды 
игерудің қажеттілігі тумайды. Баламалы энергия көздерін қолдану 
әлі қатты таралмаған, бірақ мұқият зерттеліп, артықшылықтары 
мен кемшіліктері талқыланып жатыр. Болашақта көптеген елдер 
толықтай баламалы энергия көздеріне көшуді жоспарлауда.
Баламалы энергия көздері деген не?
Баламалы энергия көздері табиғи энергия көздерінен алынады. 
Мысалы гидроэнергетика, жел энергиясы, күн энергиясы, 
геотермалдық энергия, биомасса және толқындар энергиясы. Ол 
алынатын энергия көзінің қалыпқа келе алатындығында немесе 
белгілі бір шектеулі ресурсқа тәуелді емес.
Баламалы энергия көздерінен энергия алу қалай жүзеге 
асырылады?
Мысалы, ауа қозғалысынан өндірілетін энергия түрін 
қарастырайық. Алып диірмен құрылыстары салынып, жел энергиясы 
өндіріледі. Желдің қатты жылдамдығы алып жел турбиналарын 
қозғалысқа түсіреді де, кейін одан электр энергиясы өндіріледі. 
Күннен тікелей алынатын энергия түрі. Күннен келетін сәулені 
электр энергиясына айналдырады. Күн батареялары түскен сәулені 
электр энергиясына айналдырады. Сонымен қатар күннен келетін 
сәуленің жылуы да электр энергиясына айналдыруға болады, ол 
күн жылу энергиясы деп аталады [4, 231 б.].
Міне, энергияны баламалы энергия көздерінен алу жолы өте 
тиімді әрі экологияға зиян келтірмейді. Энергия алудың дәстүрлі 
түрінен қарағанда, баламалы түрі ыңғайлы әрі тиімді. Бірақ оның 
кең таралмай, әлі танымалдыққа ие болмаудың себептері бар. Кез 
келген затта сияқты, баламалы энергия көздерінен энергия алудың 
да кемшіліктері бар. Мысалы, электр станциялары көп жерді қажет 
етеді, белгілі бір ендік пен климатты қажет етеді, бағасы қымбат, 
пайдалы әсер коэффициенті төмен, т.б. Осы кемшіліктермен 
жұмыс жасалып, баламалы энергия көздерін қолдану барлығы үшін 
қолжетімді болса, болашақта энергия алудың осы тәсілі таралып, 
танылып, кеңінен пайдалану мүмкіндігі пайда болатыны сөзсіз анық.
Энергия үнемдеудің тағы бір жолы – ЖІӨ-нің энергия 
сыйымдылығын төмендету.
Осы тәсіл энергия үнемдеуде үлкен көмегін әкелетіні іс жүзінде 
дәлелденді. Батыстың экономикалық дамыған елдері энергия 
үнемдеу саласында ең елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Алғашқы 
15 жылда олар ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 1/3 төмендете алды, 
бұл олардың әлемдік энергия тұтынудағы үлесін 60 пайыздан 48 
пайызға дейін төмендетті. Бұл үлкен жетістік. 
Қорытындылай келе, адамзаттың энергетикалық проблемасы 
және оны шешу жолдары бүгінде бүкіл әлемді алаңдатады. 
Адамдар энергияны күнделікті өмірде әрқашан қолданып, оған 
үйреніп қалған. Қазіргі кезде біз өмірімізді энергиясыз елестете 
алмаймыз. Себебі онсыз даму жүзеге асырылмай, өмір сүру қиын. 
Сондықтан болашақта энергияның тапшылығы проблемасы қоғам 
мен әлемде орын алмас үшін, оны қазіргі кезден бастап шешу 
керек. Проблеманы шешуде адамзат алғашқы қадамдар жасап, 
түрлі құрылғылар құрастырып, жоспар құрды. Дәл солай ары қарай 


328
329


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет