Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет179/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
да жалғастырып, энергияны үнемдеп. болашағымызды ойлайық. 
Себебі энергия мен ресурстарсыз өмір жоқ.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 «Энергия көздері»В. С. Лаврус, 2013 ж. 23-31 беттер [1.23б]
2 “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясы. 9-том, Алматы, 2010 
жыл; 227-228 беттер. [2.227б]
3 «Күннің құрылымы және негізгі сипаттамалары» Жақанбаев 
А. К. Алматы, 2015ж. 54-58 б. [3,54б]
4 Энергия және энергиямен жабдықтаудың альтернативті 
көздері. «Издательство» . Мәскеу,2014 ж. 231-235 бет[4.231б]
CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫН ХИМИЯ САБАҚЫНДА ҚОЛДАНУ
БАХЫТЖАНОВА З. А.
магистрант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ. 
ТАСТАНОВА Л. К.
х.ғ.к., доцент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ.
Қазіргі қоғамда тұлғаны этносаралық және мәдениетаралық 
кеңістікте әлеуметтендіру мәселелері басым бағытқа айналса, шет 
тілін білу, кәсіби білім мен мүмкіндіктерді кеңейту құралдарының 
бірі ретінде қарастырылуда.
Халықаралық зерттеулер көрсеткендей, үш тілде білім беру 
бағдарламаларында оқитын студенттер:
– жоғары мотивацияға ие, жұмысқа зейінді және бірнеше тілді 
үйренудің пайдасын анық көре біледі;
– тек ана тілінде оқытатын топтарға қарағанда барлық жұмыс 
тілдерінде, барлық пәндер бойынша жақсы оқу нәтижелерін 
көрсетеді.
Үш тілде білім беру – Қазақстан Республикасының Білім және 
ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, үш тілде білім 
беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын 
жүзеге асыру жолындағы елеулі қадам екені сөзсіз. Домендік 
тілді біріктіру немесе Clil технологиясы – «екінші немесе үшінші 
тіл арқылы пәндерді меңгеру және пәндік салаларды меңгеру 
арқылы тілдік дағдыларды жетілдіру, яғни бір уақытта пәндік 
және тілдік мақсаттарға жету». CLIL екі мақсатты көздейді, атап 
айтқанда пәнді шет тілі арқылы және шет тілін оқытылатын 
пән арқылы меңгеру. CLIL әдісі қазіргі заманда студенттердің 
мәдени құзыреттілігін, лингвистикалық және коммуникативтік 
құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді, бұл қазіргі қоғамдағы 
жұмыс берушілердің ең сұранысқа ие мәселелерінің бірі болып 
табылады [1, 288 б.].
Химия сабақтарында 8-сыныптарында да пәндік-тілді 
кіріктіріп оқыту технологиясының элементтері қолданылады. 
Сабақты жоспарлау мұғалім өз оқушыларының пәндік материалды 
меңгерудегі мүмкін болатын тілдік қиындықтарын алдын ала 
болжап, осы қиындықтарды «жоюға» қолдау көрсетуі керек деп 
болжайды. Сабақ белсенді оқытуға негізделген. Жұмыстың әртүрлі 
процедуралары мен тәсілдері бүкіл сыныпты процеске қосуға 
мүмкіндік береді: жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, 
практикалық жұмыс, фронтальды сұрау, демонстрация, рефлексия. 
Оқушылармен жұмыс жасай отырып, мұғалім жазу, оқу, тыңдау, 
айтылым қабілеттерін дамыту мүмкіндігі бар. Сабақта саралау 
сонымен қатар барлық оқушылардың мүмкіндіктерін, қабілеттерін 
және жас ерекшеліктерін ескеретін болады.
Оқу материалын таңдаған кезде оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне және тілдік дайындық деңгейлеріне сәйкес 
әртүрлі стильдегі түпнұсқа мәтіндерді таңдау қажет. Мәтіндер 
шағын бөліктерге бөлініп, суреттермен, сызбалармен, карталармен 
сүйемелденсе, оқушылар тез түсінеді. Жалпы бұл технологияға 
негізделген тапсырмалар ағылшын тіліндегі мәтін мен мәтіннен 
кейінгі оқу тапсырмаларынан тұруы керек. Ол тапсырмалар тілдік 
дағдыларды ғана емес, танымдық дағдыларды да қалыптастырады. 
Сызбалар мен кестелер бар мәтіндер оқушылардың танымдық 
қабілеттерін арттарды. Мәтіннен материалды кестеге енгізе отырып, 
оқушы ақпаратты таңдауды үйренеді және негізгі ақпаратты 
қосалқы ақпараттан ажырату туралы түсінік қалыптасады. 
Сондай-ақ сабақ барысында аудио және бейне материалдарды 
пайдалануға болады. Сабақты жоспарлағанда мұғалім материалдың 
бір бөлігін аудиомәтін түрінде бере алады, ал оқытудың зерттеу 
әдістерін қолдана отырып, диалог, әңгімелесу арқылы материалды 
меңгеруге мүмкіндік туады. Сабақ барысында тыңдауды жазумен 
байланыстыруға болады, мысалы, кестелерді толтыру, сызбалар 
сызу, нүктенің орнына сөздерді жазу т.б. Сабақты жоспарлау 
барысында пән мұғалімі пәндік және тілдік мақсаттарды анықтайды. 
Тілдік мақсатты анықтауда пән мұғалімі тіл мұғалімінің көмегіне 
сүйене алады.


330
331


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет