Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет181/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Послание Президента РК Н.А. Назарбаева народу Казахстана 
«Стратегия «Казахстан - 2050»: новый политический курс 
состоявшегося государства» :материалы мероприятий, посвященных 
обсуждению Послания Главы государства../Отв. ред. Б. Султанов.-
Алматы: КИСИ, 2013. - 228с.
2 Нуракаева Л.Т.,Шегенова З.К. Методические рекомендации 
учителям по использованию метода предметно-интегрированного 
обучения (CLIL).-Астана. - 2013.-С.8-10 
3 Jone Mills & Peter Evans. “Core Chemistry”. Cambridge 
University Press. 2015. c 58.
4 Боброва Н. Е. Инновационные методы преподавания 
иностранных языков // Интеграция образования. 2013. № 4. С. 125.
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ-
БАҒДАРЛАНҒАН ОҚЫТУ ӘДІСІН ЕНГІЗУ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
БИСЕМБАЙ Т. С.
магистрант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ. 
МАХАМБЕТОВ М. Ж.
PhD, қауымд. профессор, Қ. Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ. 
Бұл мақалада PBL (Problem-Based Learning) проблемалық-
бағдарланған оқытудағы оқытушы мен студенттерге арналған 
нұсқалардың қолданылуы, кейс-тапсырмаларды құрастыру 
тәсілдері қарастырылады.
Сондай-ақ шетел университеттері өкілдерінің PBL оқыту 
әдісіне келтірген сипаттамалары сараланып, аталған әдістің 
артықшылықтары баса айтылады.
Мұндай оқыту қазіргі қоғамның жылдам өзгеру уақытында 
студенттерге жаңа білімді меңгертуге, студенттердің сын 
тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға, белсенді ойлау 
дағдыларын қалыптастыруға, ақпаратты өз бетінше іздеуге, 
логикалық ойлауды дамытуға бағытталған. 
Problem-Based Learning (PBL) немесе проблемалық-
бағдарланған оқыту тарихы өткен ғасырдан бастау алады.
Канада медициналық институтының оқытушылары студенттерге 
материалды «әдеттен тыс» беріп, көтерілген мәселені шешу және 
жобаны аяқтау үшін мәліметтер іздеуде оларға еркіндік берілген. 
Аталған әдістеме бірте-бірте басқа мамандықтарға таралып, 
студенттерді оқу процесіне тартудың және теориялық білімді 
ғана емес, сонымен қатар топта жұмыс істеу, қарым-қатынас 
жасау, келіссөздер жүргізу, көшбасшы болу, мәселелерді шешуде 
шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлай алу сынды маңызды 
практикалық дағдыларды игерудің табысты әдісі ретінде көрсете 
алды [1]. Оқытудағы мұндай тәсіл оқытушылардың бұрынғыша 
білімнің қайнар көзі болып қана қоймай , олардан арнайы
дайындықты талап етіп, студенттердің білімді игеруі үшін екі ортада 
делдал және көмекші қызметін атқаруын қажет ететіндігі бұл әдісті 
өзге оқыту әдістерінен айрықшалап тұр. 
Отандық білім беру жүйесі үшін адамның қоршаған ортаға 
үйренісіп кету қабілеттерін қалыптастыратын бейімделу 
тәртібінен әр түрлі мәселелерді көру, түсіну және бағалау, оларды 
құндылық бағдарларына сәйкес сындарлы түрде шешу қабілеттерін 
қалыптастыруға баса назар аударылатын кәсіби даму моделіне 
көшуі білім беру мен студенттерді даярлаудың құзыреттілік 
принципіне көшуімен байланысты. Бұл ЖОО-ның оқыту үдерісі, 
бағалау жүйесі, білім беру технологиялары, т.с.с. барлық дайындық 
процесін жүйелі түрде қайта құруға әкеледі [2].
Алматы қаласында жақында жүргізілген сауалнама нәтижесінде 
жұмыс берушілердің түлектерге қоятын негізгі талаптары 
анықталған. Олар төмендегідей:
- кәсіби ой-өріс;
- зерттеу дағдылары, аналитикалық және практикалық әдістер;
- жоғары еңбек қабілеттілігі;
- ұтқырлық және жылдам бейімделу;
- қарым-қатынастың икемділігі;
- аналитикалық ойлау, жауапкершілік, шешім қабылдай алу;
- жадтан ақпараттың едәуір көлемін есте сақтау және алу 
мүмкіндігі;
- ортамен тіл табысу, тыңдау қабілеті;
- практикалық дағдылар;
- құзыреттіліктің әртүрлілігі
Осыған байланысты студенттер бойында жоғарыда көрсетілген 
қасиеттерді дамыту үшін проблемалық-бағдарланған оқыту (PBL) 
ең жақсы тәсілдердің бірі. Өйткені бұл бағыт адамзаттың ілім-
ғылымды меңгеруін зерттеу саласындағы когнитивтік ғылымның 
соңғы жетістіктеріне негізделген педагогикалық тәсіл болып 


334
335


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет