Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет182/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
табылады. Сондай-ақ, PBL көптеген жылдар бойы батыстың 
медициналық мектептерінде қолданылып келеді. Американдық 
дәрігер, медицина саласының оқытушысы Ховард Броуз айтқандай, 
«PBL (Problem-based Learning) –бұл білім беруде нақты өмірлік 
жағдаяттарды қолдануға негізделген оқыту тәсілі». Қазіргі білім 
беру кеңістігінде университеттің білім беру қызметінің сапасын 
қамтамасыз етудегі PBL міндеті, ең алдымен, мамандарды 
даярлаудың отандық жүйесінің бакалавриат пен магистратураның 
екі деңгейлі жүйесіне көшуіне байланысты өте өзекті болып қалмақ. 
Қазіргі таңда білім беру сапасын арттыру ғана емес, сонымен 
қатар оны ұсынудың ең жақсы стандарттарын қолдау да осыған 
байланысты басты назарда болуы тиіс.
Айта кету керек, бұл әдістің танымалдылығы батыста 
жоғары және ЖОО басым бөлігінде қолданылып келеді.
Сондай-ақ PBL (Problem-Based Learning) әдісі студенттің өзіндік 
жұмысына бағытталған табысты инновациялық оқыту әдісі ретінде 
қарастырылатындығын баса айтқан жөн.Бұл әдісте оқытудың 
екпіні оқытушыдан студентке ауысады, өйткені қазір студент 
практикалық мәселені шешуге тырысып, белсенді рөл атқарады. 
Бұл әдіс студентке дәрістер кезінде оқытушының айтқанын және 
оқулықтарда жазылған барлық ақпаратты кеңірек және тереңірек 
түсінуіне ықпал етеді. 
«Проблемалық-бағдарланған оқыту (Problem-Based Learning-
PBL)» ұғымының мән-мағынасын ашуға көптеген әрекеттер 
жасалды. Канададағы МакМастер университетінде PBL әдісін 
әзірлеу барысында келесідей анықтамалар қолданылды: PBL-
дің тұлғаға бағдарлануы, оқу процесін мәселе ауқымына сай 
ұйымдастыру және оқытушының делдал ретінде әрекет етіп, 
шағын топтарда жұмыс істеуге бағытталуы. Дегенмен, бұл әдістің 
нақты сипаттамсы әр университетте әртүрлі қалыптасты. Gijselaers 
орталығы PBL әдісін оқытудың теориялық принциптеріне 
негізделген сатылай білім беру, мета-білім беру, контексттік оқыту 
ретінде қарастырған [3]. Вустер университетінің зерттеушісі Мэгги 
Савин-Баден осы оқыту әдісінің негізгі атрибуттарына сүйене 
отырып, PBL әдісінің аса маңызды әлементтерінің 5 түрін атап 
көрсеткен: білімді меңгеру мен қабылдау, проблеманың болуы, 
оқытушының, студенттердің және бағалаудың рөлі. Савин-Баден 
PBL үлгілерін білімге қол жеткізу бағытындағы PBL, кәсіби 
қызметке арналған PBL, пәнаралық ұғынуға және түсінісуге 
арналған PBL, салааралық оқытуға және сыни құзыреттілікке қол 
жеткізуге бағытталған PBL ретінде бөліп қарастырған [3].
Проблемалық-бағдарланған оқыту (PBL) - бұл материал 
тұжырымдамасын күнделікті өмірмен байланыстыратын және 
күнделікті өмір мәселелерін анық көрсететін оқыту үлгісі. Бұл ретте 
студенттер материал оларға бұрыннан таныс болғандықтан оқуда 
белсенділік танытады.
PBL оқыту әдісі 7 кезеңнен тұрады, атап айтқанда: сипаттама, 
миға шабуыл, жүйелеу, проблеманы сипаттау, бағалау, білім жинау 
және есеп беру. Химиядағы PBL оқыту үлгісі шығармашылық 
ойлау, өзін-өзі оқыту дағдыларын және өзін-өзі бағалауды 
қамтиды. Сонымен қатар, PBL арқылы студенттердің химия пәнін 
тереңірек түсінуіне ықпал етуге болады. Өйткені бұл оқыту моделі 
студенттердің ынтымақтастық, синтез, байланыс және мәселелерді 
шешу сияқты жалпы оқу дағдыларын дамытуға бағытталған [4].
Бұл тәсіл шеңберінде оқытудың бастапқы нүктесі дәрістер 
емес, студенттердің практикалық сабақтарда талқылау әрекеттерін 
ұйымдастыратын тәжірибеге бағытталған кейс-тапсырмалар болып 
табылады.
Осындай сабақтарды ұйымдастыруы мен әдістемелік 
қамтамасыз етілуінде әр елдің және әр университеттің өзіндік 
ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, барлық PBL топтарына ортақ 
кейбір негізгі принциптер бар, олар: кейс құрастыруға бағытталған, 
кіріктірілген оқыту бағдарламасы, оқытушының рөлі мен қызметі, 
студенттің мақсаттары мен міндеттері, топтағы студенттер саны, 
бағалау жүйесі, аудитория жабдықтары. PBL әдісінің дәстүрлі 
шағын топтардағы оқытудан басты айырмашылығы - студенттер 
өздері мәселені шешуге қажетті сұрақтарды қалыптастырып, тиісті 
ақпаратты іздеу және бірлесіп талқылау арқылы жауаптарын 
ұсынуы керек болады.
PBL әдісінің арнайы әдістемелік қолдауды қажет ететіндігі 
белгілі. Ең басты әрекет – әр сабаққа егжей-тегжейлі әдістемелік 
нұсқаулар беретін жағдаяттарды (кейстер) құрастыру және сценарий 
жазу. Бұл күрделі міндет әр университетте әр түрлі шешіледі. PBL 
жағдаяттарының екі нұсқасы бар – студенттер мен тәлімгерлерге 
(ағылшынша «tutor» – тьютор) арналған.
Тьюторларға арналған нұсқада жағдайдың толық сипаттамасы 
жазылып, студенттер өз бетінше жинауы керек негізгі ақпарат 
беріледі және белгілі бір мәселені шешу немесе мақсатқа жету үшін 
белгілі бір жағдайда жасалған әрекеттерді сипаттайды. Сонымен 


336
337


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет