Байланысты: XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm
«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ» «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА РЫ» қатар осы тұста кейбір ұғымдар, қажетті формулалар немесе
коэффициенттер түсіндіріледі. Осылайша, оқытушы студенттердің
нені талқылауы керектігін және шешімдер мен тапсырмаларды
әзірлеу реті қандай болуы керек екенін алдын ала біледі.
Студенттерге арналған жағдаяттың өзіндік ерекшелігі бар.
Студенттерге ақпарат бірден емес, «мөлшерленген» бөліктермен
беріледі – қолда бар фактілерді және олар жинаған ақпаратты
біртіндеп талқылауға, жағдайды дәйекті түрде шешуге және белгілі
бір мақсаттарға қол жеткізуге байланысты. Жағдаяттарды қарастыру
және талқылау процесінде нақты шешімдер қабылдау үшін
студенттерге қосалқы материал ретінде көшірмелері ұсынылады:
1 экономикалық жағдаяттаға – бухгалтерлік есеп, қаржы
саласының құжаттары;
2 жаратылыстану-ғылыми немесе медициналық жағдаяттарға-
талдау, эксперимент, зерттеу нәтижелері [5].
Содан кейін студенттердің әрқайсысының (іс түріне байланысты
жеке немесе шағын топтарда) сабақ барысында тұжырымдалған
мәселе (немесе проблемалар тобы) бойынша өзіндік жұмысы және
студенттер өз бетінше игерген материалды келесі практикалық
сабақтарда талқылау жүреді. Дәріс (лекция) талқылау және жүйелеу
орын алған кездегі зерттеудің соңғы кезеңі болып табылады.
Білім беру процесінде PBL технологиясын қолдану мазмұнды
талдаумен, жетіспейтін білімді анықтаумен, гипотезаларды
тұжырымдаумен және тексерумен, әрекеттер тізбегін анықтаумен,
деректерді жинаумен, жүйелеумен және талдаумен, нәтижелерді
ұсынумен, пікірталасқа қатысумен, қорытындыларды көрсетумен,
жаңа міндеттерді тұжырымдаумен тығыз байланысты. Бұл жағдайда
нақты кәсіби қызметке толықтай сәйкес келетін жағдайлар жасалады
және студенттер өзара топ мүшелері арасында функциялар мен
жауапкершілікті бөлу арқылы кәсіби мәселелерді кешенді шешу
тәжірибесін игереді [6].
Қорыта келе, бұл оқыту әдісінің артықшылықтарының
арасында мыналарды атап өтуге болады:
1 PBL әдісі студенттерді өз бетінше жұмыс істеуге шақырады.
Әдетте, мәселені шешу үшін студенттер практикалық сабақтарға
әдеттегі дайындыққа қарағанда көп материалмен жұмыс жасауы
тиіс.
2 PBL әдісі студенттерді ойлауға үйретеді. Бұл жағдайда
тапсырма белгілі бір ойын ретінде қабылданады, ал есте сақтау керек
материалды студенттер ойнайтын ережелер ретінде қабылдайды,
бірақ кейде оны бұзуға болады. Процесс мына принциптер бойынша
құрылады: міндет - шешу құралы (теориялар, анықтамалар,
заңдар және т.б.) – шешім іздеу – қорытынды. Студент белгілі бір
теориялардың, тұжырымдамалар мен ережелердің неліктен маңызды
екенін түсінеді және оларды басқаша қабылдайды.
3 Бұл әдіс студенттерді өзгеше ойлауға ынталандырады.
Мәселенің дұрыс құастырылуы студенттерді стандартты емес
шешімдерді іздеуге итермелейді. Шығармашыл және өзгеше ойлау
қабілеті көптеген мамандықтар үшін маңызды қасиеттердің бірі
болып табылады.
4 PBL әдісі студенттердің ғылымға деген қызығушылығын
арттырады. Оқу процесінің белсенді және қызықты болуы маңызды.
Студент оған неғұрлым белсенді қатысса, соғұрлым ол оқуға
қызығушылықпен қарайтын болады.
5 PBL әдісі студенттерді «нақты өмірге»дайындайды. Бұл
әдіс теорияны практикамен байланыстыруға мүмкіндік береді,
осылайша студент өзінің болашақ мамандығының практикалық
тұстарын түсінеді.
ЖОО оқытушылардың жоғары кәсіби қабілеті пен қосымша
күш-жігерінің арқасында студенттерге мамандық бойынша
біліктілік қана беріп қоймай, PBL арқылы олардың қоғамдық
болмысының қалыптасып, тәуекел, сыни ойлау, рефлексия,
тапқырлық және функционалдық автономия сынды қасиеттер
арқылы қоғамда өз орнын табуына себепкер болуы тиіс деп
есептеймін.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Балаларға арналған Ресейдегі шведтік проблемалық-
бағдарланған оқыту әдісі/ http://www.dpo-edu.ru/?p=17583
2 Спенсер Л.М., Спенсер С. М. Құзыреттер. Максималды
жұмыс тиімділігінің модельдері. — М.: Гиппо, 2005. — 34-39 б.
3 Нұртазин С. Т. Базарбаева Ж. М. Есімсіитова З. Б. Ермекбаева
Д. К. «проблемалық-бағдарланған оқытудың» инновациялық әдісі
(PROBLEM-BASED LEARNING-PBL), «заманауи жаратылыстану
жетістіктері»журналы. – 2013. - № 5-112-114 ББ
4 «Development of STEM Integrated PBL-Based Student
Worksheets in Energetic Materials of First-Year Students», 1st
International Conference on Chemistry and Science Education (ICChSE)
2020 Journal of Physics: Conference Series 1788 (2021) 012045 IOP
Publishing doi:10.1088/1742-6596/1788/1/012045