Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет186/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
химиялық білім мен дағдыларынан құрылады. Оның құрамдас 
бөліктері:
1) теориялық химиялық білім және оны оқу процесінде білім 
алушыларға беру мүмкіндігі;
2) теориялық химиялық білімді жағдаяттарда қолдана білу, 
яғни химиялық ақпаратты түсіндіру, химиялық құбылыстар мен 
заттардың қасиеттерін түсіндіру, химиялық есептерді шығару;
3) химиялық зертханада эксперименттік жұмысты жүзеге асыру, 
демонстрациялық эксперимент жүргізу, химиялық құбылыстар 
мен қасиеттерді байқау және өлшеу, алынған эксперименттік 
нәтижелерді түсіндіру бойынша дағдылар.
Педагогтардың пікірінше, бұл құрамдас бөліктердің дамуы 
келесі пункттер арқылы жүзеге асырылады:
- теориялық танымдық қызмет (химиялық білім беру және 
ғылыми химиялық зерттеулер саласындағы жаңа басылымдар 
бойынша білімді өз бетінше жаңарту);
- жоғары деңгейдегі химиялық есептер мен жаттығуларды 
құрастыру және оларды шешудегі тәжірибелік қызмет (мысалы, 
олимпиадалық іс-әрекет);
- ғылыми-химиялық зерттеулер саласындағы практикалық 
қызмет (ғылыми-зерттеу конкурстары, ғылыми конференциялар) 
[5, 101-107 б.].
Химия пәні мұғалімінің кәсіби өзін-өзі дамытуы мынадай 
кезеңдерден тұрады:
1) кәсiби бiлiм мен жеке қажеттіліктерді ажырату, оларды 
дамыту жолдарын болжау;
2) өзінің кәсіби қажеттіліктері негізінде саналы мақсаттар қою;
3) өздігінен білім беру және өзін-өзі тәрбиелеу жұмысының 
кезеңдерін, белгілі бір міндеттерді шешудің әрбір кезеңіндегі 
қажеттілігін айқындау, жұмыстың күтілетін нәтижелерін 
тұжырымдау;
4) өздігінен білім беру және өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын 
орындау тәсілдері мен құралдарын таңдау;
5) саналы түрде өзін-өзі жобалау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-
өзі бақылау және өзін-өзі түзету;
6) өзіндік білім беру және өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын 
өзіндік бағалау және өзіндік талдау, оларды жетілдіру.
Химия мұғалімдерінің өздігінен білім беру қызметі кәсіби 
құзыреттіліктің маңызды құрамдас бөлігі ретінде білім алушыларға 
сапалы химиялық білім беруге бағытталған және мынадай 
бағыттарды қамтиды:
1) химия жетістіктерін зерделеу және білім беру практикасына 
енгізу;
2) химияның жасампаздық, шығармашылық және дамытушылық 
функцияларын, оның адамзаттың жаһандық проблемаларын 
шешудегі рөлін ашу;
3) ғылыми-зерттеу химия пәні мұғалімінің іздестіру қызметі 
және оған білім алушыларды тарту;
4) химиялық құбылыстарды бақылау және түсіндіру бойынша 
білім алушылардың іскерліктерін дамыту (зертханада, өндірісте, 
тұрмыста);
5) өзінің педагогикалық тәжірибесін қорыту, оны тарату, озық 
педагогикалық тәжірибені және педагогиканың жаңа жетістіктерін 
пайдалану [6, 272 б.].
Болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыруға кедергі 
келтіретін кейбір жағдайларды атауға болады:
1. Студенттер жоғары баға алуға көбірек алаңдайды, ал 
білім беруге жауаптылар оқу тиімділігін арттыру үшін осы 
әлеуметтанулық факторды пайдалануға көңіл бөлмейді.
2. Құндылықтарға қатысты білім беру мәселелері талқылауға 
шығарылмайды (яғни, мысалы, мектептер не үшін қажет, 
оқушыларға қандай курстар ұсынылуы керек сияқты сұрақтар 
көтерілмейді).
3. Практикалық зерттеу жобаларында мүмкін болатын 
кедергілер ескерілмейді және оларды жеңу міндеттері қойылмайды. 
Мұндай міндеттер «жауапкершілік аймағынан тыс» болып көрінеді, 
дегенмен олар іс жүзінде жобаны жүргізудің тиімділігі тұрғысынан 
орталық және оны одан әрі жүзеге асыру тұрғысынан одан да 
маңызды болады.
4. Мұғалімдерге қажетті құзыреттілік түрлері, оның ішінде 
өздерінің маңыздылығын сезіну және білім беру ұйымдарындағы 
іс-әрекет еркіндігін соншалықты шектейтін жаһандық әлеуметтік 
факторларға әсер ету қабілеті ескерілмейді.
Бұл кемшіліктердің барлығы білім беру жүйесі жаңа 
ұрпаққа басқару принциптері туралы білімді, инновациялардың 
маңыздылығын және оларды енгізу тәсілдерін, қоғамның қалай 
жұмыс істейтінін түсіндіру барысында ерекше маңызға ие болады 
[7, 396 б.].


344
345


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет