Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет214/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
ОҚУШЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 
ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРДІҢ ОРНЫ
ШАҢЫТБАЕВА Ж. Н. 
магистрант, Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
Мақала химиялық эксперимент арқылы оқушылардың 
эксперименттік дағдыларын қалыптастыру мәселесін зерттеуге 
арналған. Тәжірибеге бағдарланған әдіс бола отырып, химиялық 
эксперимент оқушылардың оқу мотивациясын арттырады, 
өйткені оқушылар тәжірибеде химиялық заңдардың тиімділігіне 
көз жеткізуге, химиялық білімнің практикалық пайдасын түсінуге, 
сондай-ақ өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге 
мүмкіндік алады. Өз бетінше зерттеуді ұйымдастырған кезде 
мұғалім оқушыларға химиялық мәселелерді шешуге үйретуі керек, 
яғни проблемалық жағдайды қалай талдау керектігін, мәселені 
қалай тұжырымдау керектігін, мәселені шешу тәсілі ретінде 
гипотезаны қалай болжау керектігін, оны эксперименталды 
түрде қалай тексеруге және қорытынды жасауға болатындығын 
көрсету керек.
Кіріспе.
Оқушы алатын барлық теориялық білім тәжірибе және 
өмірмен байланысты болуы керек. Тек үйренген ақпаратты білу ғана 
емес, сонымен қатар зерттеу, жобалау дағдылары, тәжірибе жасау 
қабілеттерін қатар үйренуі тиіс.
Бұл процесте «жаратылыстану ғылымдары» пәндік саласы 
ерекше орын алады. Әрине, бүгінде жаратылыстану ғылымдары, 
техника саласындағы мамандар мен зерттеулер ең сұранысқа ие. 
Сонымен қатар, бұл пәндік салаға кіретін оқу пәндері оқытудың 
практикалық-бағдарланған сипатын қамтамасыз етуде ең қуатты 
әлеуетке ие және жаратылыстану-ғылыми танымның тұтас бейнесін 
қалыптастыруға бағытталған. Осыған байланысты «жаратылыстану 
ғылымдары» пәні бойынша ғылыми таным әдісі ретінде химиялық 
эксперименттің маңыздылығын зерттеу сөзсіз өзекті болып көрінеді.
Білім беруді ізгілендірудің қазіргі тенденциясы тұлғаның 
тұлғалық болмысын дамытуды, оқу материалын оқушының 
қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес орнатуды, баланың 
өзін-өзі анықтауына, өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауды 
көздейді. Бүгінгі білім беру технологияларының жетістігі оқыту, 
тәрбиелеу және білім берудің жоспарланған нәтижелеріне жету 
үшін мұғалім мен оқушының бірлескен мақсатты әрекеттерінің 
жүйесімен анықталады [1]. Эксперименттің қазіргі мектептегі 
жаратылыстану біліміндегі алатын орны туралы айтатын болсақ, 
онда, сөзсіз, оның кейбір себептерге байланысты жеткіліксіз 
пайдаланылуын атап өткен жөн: химия пәнінің сағаттарының 
қысқаруы, қолданылатын реактивтер мен материалдардың 
шектелуі. Дегенмен, эксперименттік және эксперименттік 
деректерді сабақтың және сыныптан тыс жұмыстардың барлық 
кезеңдерінде тиімді пайдалану оқушылардың танымдық іс-әрекетін 
белсендірудің, зерттеушілік дағдыларын, талдау және рефлексиялық 
қабілеттерін дамытудың, жеке тұлғаның қоғамда әлеуметтенуі 
мен бейімделуінің құралы қызметін атқарады [2]. Бұл жағдайда 
оқушының эмоционалды жады жақсарады, ол білімді есте сақтау 
мен түсінуді жақсартуға, сонымен қатар ғылымның теориялық 
және практикалық аспектілерін біріктіруге мүмкіндік береді. 
Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде экспериментті қолданудың түрлері 
мен мақсаттылығы Е.В.Тяглова, И.В.Ширшина, В.Я.Вивюрский, 
Е.Г.Злотниковтың еңбектерінде көрсетілген [4] .
Мектептегі химиялық эксперимент демонстрациялық 
және оқу эксперименті болып жіктеледі. Ұйымдастырудың 
мақсаты мен әдісіне байланысты оқу эксперименті зертханалық 
тәжірибелерге, практикалық сабақтарға, ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына дайындыққа, оқушыларды олимпиадалардың 
эксперименттік турына дайындауға және үйдегі тәжірибелерге 
бөлінеді.
Демонстрациялық химиялық эксперимент – сабақта 
көрнекіліктің негізгі құралы. Оны әдетте мұғалім жүргізеді. 
Химия сабағында демонстрациялық эксперимент қашан 
қолданылады?
* Мектеп курсының басында оқушылардың эксперименттік 
дағдылары мен химияға қызығушылықтарн арттыру мақсатында 
және химиялық ыдыс-аяқтармен, реактивтермен, жабдықтармен 
танысу үшін;
* Оқушылардың эксперимментті өз бетінше орындауы қиын 
болған кезде (мысалы, сутектің металл оксидтерімен әрекеттесуі);
* Жасалынайын деп жатқан эксперимент оқушылар үшін 
қауіпті болған кезде (мысалы, сутегі мен оттегінің жарылуы) [5].
Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар да 
белгілі:


396
397


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет