Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет24/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
А.Н.Несмеянов, Р.Х. Фрейдлина және В.Н.Кост ультракүлгін 
сәулелерінің әсерінен 3,3,3 трихлор–2–бромпропеннің 1,1,2–
трихлор–3–бромпропенге гомолитті изомерленетінін дәлелдеді [3].
Авторлар бұл реакцияда түзілген радикалдардың қайта 
топтасуы жүретіндігін көрсетті. 3,3,3–трихлор–2–бромпропеннің 
радикалды қайта топтасуының механизмін төмендегі сызбанұсқалар 
арқылы келтіруге болады. 
Хлор атомының 1,2–миграциясы арқылы радикалдардың қайта 
тортасуы 3,3,3–трихлорпентеннің радикалды полимерленуі кезінде 
де байқалған [4].
Қазіргі уақытқа дейін гомолитті реакцияларда хлор атомының
1,2–миграциясы арқылы жүретін радикалдардың қайта топтасуы 
көптеген мысалдардың негізінде жан-жақты зерттелген.
Сонымен қатар сутек атомының 1,5 – және 1,6 – миграциясы 
арқылы да жүретін радикалдардың қайта топтасу реакциялары 
белгілі. Р. Х. Фрейдлинаның басшылығымен жүргізілген 
ғылыми зерттеулерде [5] этиленнің сірке қышқылы, ацет-
онитрил, метилхлорацетат және метил спиртімен теломерлену 
реакцияларында қалыпты құрылысты теломерлермен қатар 
изоқұрылысты қосылыстардың да түзілетіндігі көрсетілген. 
Авторлар изомерлік өнімдердің сутек атомының 1,5–миграциясы 
арқылы радикалдардың қайта топтасуы нәтижесінде түзілетіндігін 
дәлелдеді. Мұнда қайта топтасудан түзілген радикалдар этиленмен 
әрекеттесіп изоқұрылысты қосылыстарды береді. Этиленнің сірке 
қышқылымен теломерлену реакциясында радикалдардың қайта 
топтасуын төмендегідей сызбанұсқалармен көрсетуге болады.
Этиленнің метиформиатпен HCOOCH3 теломерлену 
реакциясында сутек атомының 1,6–миграциясы арқылы жүретін 
радикалдың қайта топтасуы байқалған. 
Этиленнің метилхлорацетатпен теломерлену реакциясы кезінде 
аралық түзілген радикалдардың қайта топтасуы сутек атомының 
1,5–миграциясы арқылы жүреді.
Үлкен радикалдардың сутек атомының 1,5–немесе 1,6–
миграциясы арқылы қайта топтасуының оңай жүретіндігін 
радикалдардың қайта топтасуға қолайлы конформациясының түзілу 
мүмкіндігімен түсіндіруге болады. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1 Фрейдлина Р.К., Величко Ф.К.и др. Методы 
элементоорганической химии. Хлоралифатические соединения.–М.: 
Наука, 1973.–750с.


46
47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет