«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ» «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА РЫ» 4 Несмеянов А. Н., Фрейдлина Р. Х., Захаркин Л. И. О
перегруппировке в свободном радикале в растворе / А. Н.
Несмеянов, Р. Х. Фрейдлина, Л. И. Захаркин // ДАН СССР, 1951.
– Т.81. – С. 199-203.
ГОМОЛИТТІ РЕАКЦИЯЛАРДАҒЫ РАДИКАЛДАРДЫҢ ҚАЙТА ТОПТАСУЫ АМРИЕВ Р. А.
д.х.н., профессор, Торайғыров университеті, Павлодар қ. ҚАПЫШ М. А.
магистрант, Торайғыров университеті, Павлодар қ. Әртүрлі гомолитті реакциялардың жүру барысында түзілетін
радикалдардың қайта топтасуын зерттеу радикалдар химиясының
маңызды бағыты болып табылады. Қазіргі уақытта радикалдар
түзу арқылы жүретін реакцияларда радикалдардың қайта
топтасуына үлкен көңіл бөлінеді. Радикалдардың қайта топтасуы
– радикалдағы атом немесе атомдар тобының миграциясы (орын
ауыстыруы немесе жылжуы) арқылы басқа радикалға айналуы.
Радикалдардағы орын ауыстыруын атомдарға көбінесе галоген
және сутек атомдары жатады. Радикалдардың қайта топтасуында
хлордың 1,2 – миграциясы және сутектің 1,5–және 1,6–миграциясы
арқылы жүретін реакциялары терең зерттелген [1,2].
А. Н. Несмеянов және Р. Х. Фрейдлина хлордың 1,2 –
миграциясы арқылы жүретін радикалдардың қайта топтасуын
көптеген радикалды қосыпалу реакцияларында ең бірінші
байқады [2]. Хлор атомының 1,2–миграциясы арқылы жүретін
радикалдардың қайта топтасуы мына сызбанұсқа бойынша жүреді:
Мысалы А рдикалы В радикалына хлордың 1,2 – миграциясы
арқылы қайта топтасады :
Радикалдардың қайта топтасуы қайта топтасқан радикал (В)
қайта топтасатын радикалға (А) қарағанда тұрақтырақ болған
жағдайда жүреді. Температураны көтеру қайта топтасуға қолайлы
жағдай туғызады.
Жұптаспаған электроны бар көміртек атымының жанында
галоген атомының саны артқан сайын радикалдардың тұрақтылығы
артатындығы белгілі. Оның мысалына төмендегі қатарда келтіруге
болады.
Ал көмірсутектік радикалдардың тұрақтылығы бұған керісінше
артады.
А в т о р л а р ж ұ м ы с т а [ 2 ] 3 , 3 , 3 – т р и х л о р п р о п е н
бромтрихлорметанды қосып алғанда аралық түзілген радикалдың
қайта топтасуы жүзеге асатындығын атап өткен. Бұл жұмыста [2]
төмендегі сызбанұсқалар келтірілген.
Бұл реакцияның жүру барысында басқа да аралық радикалдар
түзілетіндігі және олардың қайта топтасуы нәтижесінде әртүрлі
өнімдер пайда болатындығы көрсетілген. Мысалы мынадай
өзгерістер жүруі мүмкін: