Байланысты: XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm
х. ғ. к., доцент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ. Мақалада эпоксидті композициялық материалдарының
бастапқы құрамының химиялық табиғатының олардың
термотөзімділігіне, жану және түтін шығару қабілеттеріне тигізетін
әсері туралы қарастырылған. Авторлармен шет елдік ғалымдардың
зерттеу жұмыстарына шолу жасалып, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін эпоксидті композиттердің жану қабілетін төмендету үшін
аддитивті бромқұрамдас антипирендерді қосу ұсынылады.
Құрылыс индустриясы көптоннажды дианды эпоксидті
олигомерлердің ең негізгі тұтынушылары саналады. Бұл
материалдардың кең диапазондағы физико-химиялық және физико-
механикалық қасиеттері мен олигомерлер синтезінің шикізат
көзінің қолжетімділігімен түсіндіріледі. Эпоксидті олигомерлерді
көмір, базальт, шыны пластиктерін, композитті арматураларды,
химиялық төзімді лакбояулы төменіштер мен пенопласттарды,
еден төсеніштерінің монолитті төсеніштерін алу үшін қолданады.
Оларды көпкомпонентті композициялар түрінде пайдаланады.
Себебі, олардың құрамында эпоксидті олигомерлерден басқа әртүрлі
толтырғыштар, антипирендер, модификаторлар, синергисттер,
қатайтқыштар кіреді [1, б. 21].
Жағымды жақтарынан бөлек эпоксидті композитті
материалдардың бірқатар кемшіліктері бар. Олар: нәзіктілігі,
климатты факторларға тұрақсыздығы төмен, өртке қауіпті.
Құрылыс индустриясындағы эпоксидті олигомерлер негізіндегі
полимерлі композициялық материалдардың қолданысын олардың
өрт қауіптілігі тежейді. Сондықтан, Қазақстанда, ТМД елдері мен
басқа да шет мемлекеттерде өртке қауіпсіз, жоғары эксплуатациялық
қасиеттерге ие эпоксидті композиттер алуға аса көңіл бөледі [2, б. 55].
Композиттердің оңай жану қабілеті қатайған эпоксидті смола
өнімдері ұшқыш өнімдер болуымен байланысты (ацетон, көміртек
оксиді, ацетальдегид, формальдегид). Олармен қоса жоғары
температура әсерінен пиролиз кезінде эпоксидті смола карбондалған
қалдық түзеді. Оның түзілуі аминдармен қатайған эпоксидті
олигомерлердің температура әсерінен дегидратациялануына