Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет35/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
7 Аби-Фадель Ю., Бегунц С.А., Сабоненков С.А. Экстремальное 
определение критических точек нефтяных дисперсных систем в 
области низких температур. //Нефтепереработка и нефтехимия. 
-1980. – №10. -С. 9
8 Сюняев З.И., Мартиросов В.Р., Туманян Б.П. Прегонка 
нефтяных остатков в присутствии ароматических концентратов. //
Нефтепереработка и нефтехимия.-1982. №4.-С.3-5.
9 Глаголева О.Ф. Влияние природы и концентрации частиц 
дисперсной фазы смол пиролиза на выход и качество кокса. //Химия 
и технология топлив и масел. -1988, -№ 5. - 16 с.
ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІН
ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ЗЕРТХАНА ҚОЛДАНУ
БАХТЫГЕРЕЙ А. Қ.
магистрант, Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
ҚАДЫРБЕКОВ Қ. А.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
Мақалада мектепте органикалық химия пәні бойынша 
цифрлық зертхананы пайдалану деңгейі қарастырылады. 
Сонымен қатар, химияны оқу процесінде эксперименттің 
маңызды рөлі сипатталған. Цифрлық зертханалардың бірқатар 
артықшылықтары және мектепте химиялық білім беру сапасын 
арттыра алатыны дәлелденді. Химия, барлық жаратылыстану 
ғылымдары сияқты, эксперименттік сипатқа ие, өйткені осы 
ғылыми саладағы барлық теориялық білім және ұғымдар жүйесі 
практикалық іс-әрекеттің нәтижесінде пайда болады: бақылаулар 
мен эксперименттер. Бұл зерттеуде химиялық эксперимент оқу 
процесінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады және оның 
оқу процесіндегі рөлі өте үлкен.
Кілт сөздер: цифрлық зертханалар, химиялық эксперимент, 
органикалық химия, сабақ, оқушылар, эксперименттік дағдылар.
Кіріспе
Химия – теориялық-эксперименттік ғылым. Сондықтан оны 
зерттеу барысында нақты идеялар мен берік білім алу құралы 
ретінде эксперимент ең маңызды әдіс болып табылады.
Оқу-химиялық эксперимент – оқыту әдісі, оның ерекшелігі 
шындықты тану тәсілі. Тәжірибелерді өз бетінше орындап, оларды 
бақылау кезінде оқушылар заттардың сапалық өзгерістерін жүзеге 
асырады. Олар заттардың сан алуан табиғатын меңгереді, салыстыру, 
жалпылау, қорытынды жасау үшін фактілерді жинақтайды, күрделі 
химиялық процестерді басқару қабілетіне көз жеткізеді. Сабақтан 
тыс уақытта пәнге деген қызығушылықты қалыптастырады, 
химияны табысты меңгеруге, білімді тереңдетуге және кеңейтуге, 
өз бетімен шығармашылық жұмыс істеу дағдыларын дамытуға 
ықпал етеді. 
Цифрлық химия зертханалары мектептегі ғылыми 
зертханалардың жаңа буыны болып табылады. Олар 
автоматтандырылған мәліметтерді жинауды және өңдеуді 
қамтамасыз етеді, эксперименттің орындалу барысын графиктер, 
кестелер, аспаптардың көрсеткіштері түрінде көрсетуге мүмкіндік 
береді. Өткізілген эксперименттерді нақты уақыт режимінде 
сақтауға және олардың бейне жазбасымен синхронды түрде ойнатуға 
болады. Зертханалар сабақта да, далада да эксперименттер мен оқу 
зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді. Цифрлық зертханаларды 
пайдалану пәнге деген қызығушылықтың айтарлықтай артуына 
ықпал етеді және оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік 
береді.
Әдеби шолу
Химия ғылымының тарихи жолын ойша бақылайтын 
болсақ, оның дамуында эксперименттің үлкен рөл атқаратынына 
көз жеткізуге болады. Химиядағы барлық маңызды теориялық 
жаңалықтар көптеген эксперименттік фактілерді жалпылаудың 
нәтижесі болып табылады. Заттардың табиғатын білу тәжірибе 
арқылы жүзеге асады, олардың арасындағы байланыс пен өзара 
тәуелділікті ашуға көмектеседі [1]. 
Цифрлық зертханалар – жаратылыстану циклінің 
аудиториясында демонстрациялық және зертханалық тәжірибелер 
жүргізуге арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз 
ету. Бұл жаратылыстану эксперименттерінен деректерді жинауға 
және талдауға арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз 
ету жиынтығы. Мұғалімдер цифрлық зертханалар көмегімен 
мектеп бағдарламасына енгізілген жұмыстарды да, мүлдем жаңа 
зерттеулерді де жүргіза алады. Цифрлық зертханалық жабдық 
әмбебап болып табылады, әртүрлі эксперименттік қондырғыларға 
қосылуы мүмкін, «далалық жағдайда» өлшеулер жүргізеді, 
оқушылар мен мұғалімдердің уақытын үнемдейді, оқушыларды 
шығармашылыққа баулиды, өлшеу параметрлерін оңай өзгертуге 


66
67


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет