Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет37/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
2) Температура сенсоры – термопар (0-ден 1200˚С дейін). 
Ол әртүрлі жоғары температураны өлшеу үшін, соның ішінде 
зертханалық пештерде болатын химиялық процестерді бақылау 
үшін қолданылады. 
3) Газ қысымының сенсоры. Биология, химия және физика 
бойынша көптеген эксперименттер жүргізу үшін пайдалануға 
болады. Химияда каталитикалық реакцияларды, марганец оксидінің 
қатысуымен сутегі асқын тотығының ыдырауын және қосынды газ 
заңын зерттеу үшін қолданылады.
4) рН сенсоры. Бұл сенсор дәстүрлі рН өлшегішке балама 
болып табылады, өйткені ол рН мәндерін өлшеу және нәтижелерді 
интерактивті графикте көрсету сияқты бірқатар қосымша 
мүмкіндіктерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сенсор рН 
мәндерінің барлық диапазонын (0-14) өлшеуге қабілетті. Химияда 
оны қышқыл-негіздік титрлеуді жүргізгенде, сілтіні суда ерітуде, 
қышқылдың сілтімен әрекеттесу реакциясын және кейбір 
экзотермиялық реакцияларды зерттеуде қолдануға болады.
5) Өткізгіштік сенсоры. Әртүрлі электролит ерітінділерінің 
электр өткізгіштігін анықтау бойынша тәжірибелер жүргізуге 
арналған. Датчиктің арқасында қышқылдар, сілтілер және тұздар 
ерітіндісінің электр өткізгіштігін графикалық түрде салыстыруға 
болады.
6) Көмірқышқыл газының сенсоры. Бұл сенсорды химия 
саласында ғана емес, биологияда, физикада және экологияда 
да көптеген эксперименттер жүргізу үшін пайдалануға болады. 
Мысалы, өсімдіктердің фотосинтезі нәтижесінде жылыжайда 
СО2 концентрациясының өзгеруін тіркеу; немесе сыныптағы 
көмірқышқыл газының деңгейінің өзгеруі; немесе тұз қышқылы 
мен натрий гидрокарбонатының химиялық реакциясы кезінде 
көмірқышқыл газының түзілу жылдамдығын анықтау үшін 
қолданылады.
7) Оттегі сенсоры. Датчик ауадағы да, ерітінділердегі де 
оттегін өлшеуге қабілетті гальваникалық электродтан тұрады. 
Сондықтан бұл сенсорды, мысалы, аквариумдағы оттегін өлшеу 
немесе фотосинтезді зерттеу үшін пайдалануға болады. Химияда 
осы сенсорды пайдалана отырып, жану кезінде оттегі деңгейінің 
өзгеруін немесе құрамында оттегі бар заттардың ыдырау реакциясы 
кезінде оның бөлінуін зерттеуге болады.
8) Үш түсті колориметр сенсоры. Ерітіндінің оптикалық 
тығыздығына байланысты кейбір еріген заттардың (иондардың) 
концентрациясын анықтауға арналған. Химияда осы датчикті 
пайдалана отырып, Бугер-Ламберт-Беер заңын, химиялық тепе-
теңдікті зерттеп, тепе-теңдік константасын анықтауға болады [7]. 
Қорытынды
Химиялық эксперимент «Жаратылыстану» пәні аясындағы 
оқу іс-әрекетінің тұлғалық, метапәндік және пәндік нәтижелеріне 
қол жеткізуге бағытталған. Химиялық эксперимент сонымен қатар 
бірқатар ерекшеліктерге ие:
- оқу мотивациясын арттырады;
- эмпирикалық деректер негізінде химиялық теория туралы 
концептуалды түсінік қалыптастырады;
- когнитивтік қайшылыққа негізделген проблемалық және сыни 
ойлауды дамытады;
- химиялық білімді бекіту, көрсету құралы ғана емес, жаңа 
білімді қалыптастыратын әдіс ретінде де әрекет етеді.
Эйнштейннің цифрлық зертханасы көптеген педагогикалық 
тапсырмаларды қанағаттандыратын зертханалар құруға мүмкіндік 
береді. Цифрлық сенсорларды пайдалана отырып, демонстрациялық 
және зертханалық жұмыстарды орындауға, сонымен қатар 
пәнаралық мәселелерді шешуге және дамытуға ықпал ететін ғылыми 
жобаларды жүзеге асыруға болады. Цифрлық зертханаларды 
пайдалану пәнге деген қызығушылықтың айтарлықтай артуына 
ықпал етеді және оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне 
мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Беляева В. Проектирование внедрения компетентностного 
подхода в образовательный процесс // Школьное планирование. 
2010. № 3. С. 3–18.
2 Верховский В.Н., Смирнов А.Д. Техника химического 
эксперимента. М., 2015. 384 с.
3 Белохвостов А.А., Аршанский Е.Я. Методика обучения химии 
в условиях информатизации образования: учебное пособие. М.: 
Интеллект-Центр, 2016. 336 с.
4 Злотников Э.Г. Химический эксперимент как специфический 
метод обучения // Химия. Первое сентября. 2007. № 24. С. 18–25.
5 Использование цифровых лабораторий на уроках физики и 
химии // Учебно-методическое пособие / Авторы: Кунаш М.А., 
Телебина О.А. – Мурманск: ГАУДПО МО «Институт развития 
образования», 2015. - 66 с. 


70
71


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет