Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет28/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
әкеледі. Ол әрі қарай ароматты және алифатты тізбектен сутек 
атомының бөлініп, көміртекті қалдықтың квазиграфитті құрылым 
түзіп конденсациялануына апарады. Сондықтан эпоксидті 
композиттердің жану қабілетін төмендетудің тиімді әдісі жануды 
баяулатқыштарды қолдану. Ол полимердің жоғары температура 
кезіндегі құрылымдану үдерісіне әсер етеді. 
Композициялық материалдың мүмкіндіктерін жоғарылату үшін 
арзан және тиімді толтырғыштарды, пластификатордарды қолдану 
ұсынылады. Ондай қосылыстарға диорит, хромит, антипирендерді 
жатқызуға болады [3, б. 37], [4, б.11].
Денисенко Д.А. жұмысында эпоксидті смолалардың өрт 
қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштері анализденген [5, б. 
201]. Олар жарқырау температурасы, тұтану температурасы 
және өздігінен жану температурасы. Автордың айтуынша, бұл 
көрсеткіштерді алдын-ала білген өндірістік орынның өрт қауіпсіздік 
категориясын анықтап, мақсатты бөлмеде өрт шығу көзі болмайтын 
электрқұрылғысын мұқият таңдауға мүмкіндік береді. Жұмыста 
ЭД-20, ЭД-8, ЭН-6, ЭА, УП-666-1, УП-666-2, УП-666-3 маркалы 
эпоксидті смолалары таңдап алынып төмендегі формула арқылы 
жоғарыда аталған көрсеткіштер зерттелген. 
Т
жарқ
= (Т
1

2

3
) / 3 + 0,27 × (101,3-Р
а
) (1)
мұндағы, Т
жарқ
– ашық тигельдегі жарқырау температурасы, °C;
Т
1

3
– ашық тигельде өлшеніп алынған жарқырау 
температуралары, °С;
Р
а
– атмосфералы қысым, кПа.
Жарқырау, тұтану температурасын анықтау әдісінің мәні 
ерітінді сұйықтығының белгілі бір көлемін берілген жылдамдықпен 
қыздырып, бөлінетін булардың мезгіл-мезгіл тұтануы және белгілі 
бір температурада жарқылдың болуы немесе болмауы фактісін 
анықтауға негізделеді.
Ушков В.А жұмысында автордың пайымдауынша, дианды 
смолаларда эпоксидті және гидроксильдң функционалды топтардың 
болуы оларды органикалық, бейорганикалық, элементорганикалық 
қосылыстармен қатыруға мүмкіндік береді [6, б. 59]. Жұмыста 
зерттелген қатайтқыштар химиялық құрылымы жағынан эпоксидті 
композиттердің жану қабілетін төмендететіні анықталған. Аминді 
қатайтқыштардың өсуімен композиттің тек қатаю дәрежесі ғана 
артып қоймай, жану қабілеті төмендейді, түтін шығару қабілеті 
артады. Сондықтан, аминды қатайтқыштарды технологиялық және 
эксплуатациялық көрсеткіштерге сай таңдай білу қажет.
Енді бір жұмыста авторлар эпоксидті композициялық 
материалдардың өрт қауіпсіздігін арттыру үшін бромқұрамдас 
антипирендерді пайдалануды ұсынады [7, б. 23]. Бұл жұмыста 
ғалымдар синтезделген бромқұрамдас алкилароматты 
қосылыстардың эпоксидті композиттердің термотұрақтылығына, 
жану қабілетіне және түтіндену қабілетіне әсерін зерттеген. Зерттеу 
нысаны ретінде ЭД-20 маркалы эпоксидті смола негізіндегі полимер 
ерітіндісі алынды. Толтырғыштар – маршалиттер, қатайтқыш 
ерітінді- полиэтиленполиамин. Композицияның эластикалық 
көрсеткішкін арттыру үшін қоспағы төменмолекулярлы буталиен-
нитрил каучуктерін енгізген. Зерттеу үшін эпоксидті композиттердің 
антипиреннің N, N- диметил- 2,4,6- үшброманилиндегі 10%, 20%, 
30%, 40%, 50% -тегң концентрациялы ерітінділері құрамдас түрлері 
салыстырылды (1-кесте).
Кесте 1 – Антипиреннің N, N- диметил- 2,4,6- үшброманилиндегі 
ерітіндісі бар эпоксидті композициялық материалдардың жану 
қабілеті мен физико-механикалық қасиеттері
Көрсеткіштер
Антипиреннің N, N- диметил- 2,4,6- 
үшброманилиндегі концентрациясы
10
20
30
40
50
Оттегі индексі, %
28,8
27,9
28,9
29,3
27,5
Жану жылуы, Кдж/Кг
33700
-
31700
-
30040
С о з ы л у к е з і н д е г і 
қысым, МПа
25,1
21,6
23,7
28,0
29,1
С о з ы л у к е з і н д е г і 
серпімділік моделі, 
МПа
3350
3676
3084
3371
3543
Ғалымдар полимер ерітіндінің физика-механикалық 
қасиеттерінің модифицирленген антипирен қосылысымен ерітінді 
концентрацияна сай артуын ЭД-20 олигомерінің айналу дәрежесінің 
өсуімен байланыстырады. Сондықтан, антипиреннің N, N- диметил- 
2,4,6- үшброманилиндегі ерітіндісі өртке қауіпсіз эпоксидті 
смоланыі полимер ерітінділерін алуға мүмкіндік береді.
C. М. Мостовой бастаған жұмыста эпоксидті дианды смола 
құрамы дайындалып, қатайтқыш ретінде полиэтиленполиамин 
қолданылған [8, б. 76]. Бұл аминді қатайтқыш қыздыру болмаған кезде 
үшөлшемді торлы құрылым түзе алады. Эпоксидті композиттерді 


52
53


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет