Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет4/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
оқытуда меңгеру – қазіргі заманның негізгі талабы. Әлемдік білім 
кеңістігіне ену жолында тұрған егемен елімізде жаңа білім беру 
жүйелері құрылып жатыр. Бұл оқу үрдісіндегі елеулі өзгерістерге 
байланысты. Себебі, білім беру парадигмасы өзгеріп, білім мазмұны 
жаңарып, жаңа көзқарастар, жаңа қарым-қатынастар пайда болуда. 
Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану 
үшін, әр оқытушының өзінің алдында отырған студенттердің жас 
ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат – мүддесіне 
байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады [1].
Әдебиеттерге шолу. Макроциклді қосылыстар – лигандтары 
макроцикл болып табылатын қосылыстар [2]. Біз құрылымында 
тоғыз немесе одан да көп атомдардан тұратын циклдік компонентті 
анықтауға болатын қосылысты макроциклді деп атаймыз, олардың 
кем дегенде үшеуі донорлық функцияны анықтап, көптеген 
жағдайларда бұл циклдік компонентті (молекула немесе ион) 
бөліп алып, макроциклді лиганд ретінде қарастыруға болады 
[3]. Кейбір жағдайларда макроциклді компонентті металл 
кешенінен бөліп алу мүмкін емес: ол макроциклді кешеннен 
металл ионын алып тастауға тырысқанда жойылады да, бұл 
макроциклді компоненттерді гипотетикалық лигандтар деп 
атайды. МАКРОЦИКЛ IUPAC анықтамасы бойынша «циклдік 
макромолекула немесе макромолекуланың макромолекулалық 
циклдік бөлігі» болып табылады. Химиялық әдебиеттерде 
органикалық химияда тоғыздан астам атомнан тұратын сақинасы бар 
кез келген молекуланы макроцикл деп атай алады. Синтетикалық 
макроциклді қосылыстарды қолдану (краун эфирлері, криптандтар) 
және олардың ациклді аналогтары (подандалар) катиондарды, 
аниондарды және бейтарап шағын молекулалы заттарды 
кешенді түзуші ретінде айтарлықтай ғылыми және практикалық 
қызығушылық тудырады [4]. Қазіргі уақытта жаңа макроциклді 
қосылыстар синтезделіп, оларды қолдану салалары дамуда.
Зерттеу әдісі. Қазақстандағы ЖОО-да макроциклді қосылыстар 
туралы химия, медицина, фармацевтика салаларында оқытылады. 
Тақырыпты түсіндіру барысында жаңа технологияларды қолдану 
арқылы студенттерге тақырыпты жеңіл және тез жеткізуге 
болады. Жаңа технологиялардың тиімді әрі ұтымды жақтары 
өзіндік жұмыстар үшін басым. Оқу материалын білім алушының 
жүйелі есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыруға ерекше ықпал 
етеді, яғни танымдық маңызы зор. Бұл мәселенің бір жағы. Осы 
технологиялардың тәрбиелік мәні де ерекше:
- әр студентте күнделікті еңбекке баулиды;
- танымдық іс-әрекет қалыптасады;
- студенттердің өз қабілеттеріне сенімділік пайда болады;
- жауапкершілік, шыншылдық, жолдастық сияқты қасиеттер 
қалыптасады. 
Макроциклді қосылыстар тақырыбын өтуде қандай 
технологияларды қолдануды қарастырайық. Тақырып 2 лекция, 1 
семинар сабағы және 1 лабораториялық жұмысты қамтиды.
Кесте 1 – Макроциклді қосылыстар тақырыбына жоспар.
Лекция 
тақырыбы №1
Макроциклді 
қосылыстар және 
оның шығу тарихы.
Лекция интербелсенді әдіс 
арқылы түсіндіріледі.
Лекция 
тақырыбы №2
Макроциклді 
қосылыстардың 
химиялық қасиеттері.
Лекция проблемалық оқыту 
технологиясы арқылы 
түсіндіріледі.
Семинар сабағы
Краун эфирлер. 
Номеклатурасы. 
Алынуы. 
Қолданылуы.
Семинар сабағын шағын 
топтар арасында оқыту 
технологиялары арқылы 
өтіледі.
Лабораториялық 
жұмыс
Краун эфирді алу 
әдістері.
Виртуалды түрде жүргізіледі.
Зерттеу нәтижесі: Тақырыпты ашуда қолданатын 
технологияларға толталсақ. Интербелсенді оқыту студенттер 
дәріс өту барысында тиімді қарым-қатынас орнатуға негізделген. 
Яғни, басқа студенттермен тығыз байланыста болуы, олармен бірге 
әрекет жасауы, диалог құруы. Интербелсенді әдісті макроциклді 
қосылыстар тақырыбында қолдану келесідей процесстерге ынталы: 
1) студенттерге тамындық процесінде оның қажеттілігі мен 
құштарлығы артады; 2) барлық студенттер макроциклді қосылыстар 
тақырыбында өзінің үйренгендерін басқа студенттермен бөлісіп, 
ортаға салып талқылайды.
Интербелсенді оқытуда студенттер өздеріне бірнеше 
құзыреттілікті қалыптастырады: ақпаратты өз бетінше оқып 
үйренуді; басқалармен ой алмасуды; терең ойлауды және жүйелілікті; 
шешім қабялдау кезінде қиын мәлелерді оңай жолын табуды; басқа 
студенттермен жақын және жақсы қарым-қатынаста болуды.
Проблемалық оқыту – оқытушы студенттерді өз бетінше 
ізденіс әрекеттерін игертумен оңтайлы үйлестікті қамтамасыз ететін 
оқытудың бір түрі. Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшеліктері – 


8
9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет