131
тұлғаның да үздіксіз дамуының кепілдігі болып та-былады,
себебі олардың
мәнінің бекітілуі немесе терістелуі арқылы ғылыми нәтижелерді өндіру
үдерісінде және оларды бағалау мен қайта бағалауда рефлексия жүріп
жатады. Ғылымның мәдени мәні зерттеу-шілік ізденістің этикалық және
құндылық толыққандылығын, ғылыми жаңалықтың салдары үшін әлеуметтік
жауапкершілік, ғалымның
адам-гершілік көзқарасын, ғылыми ұжымда
жоғары адамгершілік ахуалды талап етеді.
Педагогикалық ізденістер нәтижесі білім беруді дамыту жоспа-рын
жасақтауға
пайдаланылатын, ақыл-ой және руханият қоғамының
қалыптасуын қамтамасыз ететін әлеуметтік қызметін атқаруға мін-детті.
Ғылыми дидактикалық жұмыстың табысты болуы үшін зерт-теушіге
постклассикалық емес әлемнің ғылыми бейнесін сезіну өте маңызды. Ол
бірден талдаудың үш аймағын уақыт жағынан дәл сәйкес келтіреді: а)
тарихи; ә)
сыни-рефлексивті; б) теориялық. Бұл дидак-тикалық ақиқатты
зерделеу және ұсыныстарды жасақтау кезінде ғылыми және ғылымнан тыс
факторлардың
өзара қарым-қатынасын, синергетикалық көзқарасын, жаңа
ғылыми-педагогикалық парадигма-ны негізге алуға мүмкіндік жасайды.
Ғылымның мұраты мен нор-малары ол үшін реттеуші ұстаным ретінде
қызмет етеді.
Олар мақсат, зерттеу әрекетінің логикасын анықтайды және
нақты-тарихи сипатта болады.
Ғылыми зерттеудің белгілі бір кезеңге сәйкес мойындалған идеалдары
мен нормалары ғалымдардың байланыстарына, ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізуде және оларды рәсімдеуде өзіндік із қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: